Созақ көтерілісінің тарихы: себептері мен нәтижелері
| dc.contributor.author | Еркинбекова, Б.А. | |
| dc.contributor.author | Исабек, Б.Қ. | |
| dc.date.accessioned | 2025-10-29T09:47:57Z | |
| dc.date.available | 2025-10-29T09:47:57Z | |
| dc.date.issued | 2025 | |
| dc.description.abstract | Ғалымдардың әртүрлі көзқарастары орын алған 1920 жылдардың аяғында индустрияландыру мен жаппай ұжымдастырудың басталуымен Қазақстанда айтарлықтай өзгерістер орын алды. Большевиктердің билікке келуімен байланысты болған зорлық-зомбылық, езгі, жаппай қуғын-сүргін саясаты бірқатар қарулы көтерілістердің орын алуына әкелді. Азаматтық соғыс және ұжымдастыру жылдарындағы халық толқулары көп болды. ХХ ғасырдың 20 жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында әртүрлі қарқындылықпен бүкіл КСРО-да халықтық көтерілістер басталды. Оңтүстік Қазақстан облысы Кеңес өкіметіне барынша қатал қарсылық көрсеткен өңірлердің бірі болды. Осындай көтерілістердің бірі — Созақ көтерілісі 1928-1930 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Кеңес өкіметінің саяси және экономикалық шараларына қарсы халықтық қозғалыс. Бұл қозғалысты зерттеу тек қана бұл көтеріліс туралы ақпаратты жинауға, талдауға және ретке келтіруге ғана емес, сонымен қатар халықтың большевиктерге қарсы көтерілісінің дәрежесі мен формалары туралы сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі мақсаты — Созақ ауданындағы Созақ көтерілісінің алғышарттарын, мазмұны мен ерекшеліктерін зерттеу және сипаттау. Мақалада көтерілістің басталуына алып келген большевиктер саясатының элементтері, көтерілістің себептері, барысы және сипатына, сонымен қоса көтерілісшілердің жеңілуіне әкелген факторларға талдау жасалған. Авторлар Созақ көтерілісінің алдын алуға, көтерілісті оқшаулауға және жоюға бағытталған кеңестік және партиялық органдардың әрекеттерін талдайды. Сонымен қатар ұжымдастыру және тәркілеу кезеңіндегі халықтық қозғалыстың негізгі бағыты анықталған, кеңес және партия қызметкерлерінің, олардың жақтастарының халықтың наразылығымен күресуге бағытталған алдын алу, сондай-ақ көтерілісшілерге тойтарыс беру шаралары талданған. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Еркинбекова Б.А., Исабек Б.Қ. Созақ көтерілісінің тарихы: себептері мен нәтижелері./ Б.А. Еркинбекова, Б.Қ. Исабек.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 128-135 б. | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2518-7236 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/21013 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | «Тарих. Философия» сериясы;3(119) | |
| dc.subject | шаруашылық | ru_RU |
| dc.subject | шаруалардың қарулы көтерілісі | ru_RU |
| dc.subject | ұлт-азаттық қозғалыс | ru_RU |
| dc.subject | ұжымдастыру | ru_RU |
| dc.subject | Созақ ауданы | ru_RU |
| dc.subject | Қазақстан тарихы | ru_RU |
| dc.title | Созақ көтерілісінің тарихы: себептері мен нәтижелері | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |