Генезис жəне корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік эволюциясы

Abstract

Мақалада корпоративтік əлеуметтік жауапкершіліктің (КƏЖ) генезисі қаралады. Сондай-ақ КƏЖ əртүрлі түсініктемелері, шетел жəне отандық авторлардың, халықаралық ұйымдардың КƏЖ анықтамалары мен түсіндірмелері зерттелді. Басқарушылық теория мен заманауи бизнестің нарықтық əрекетінің тəжірибесі ретінде КƏЖ мəнін көрсететін релевантты тұжырымдамалардың эволюциясының негізгі кезеңдері талданды. КƏЖ-пен қауымдастырылатын негізгі тұжырымдамалардың байланысы көрсетілді: бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің, корпоративтік жауапкершілік тұжырымдамасы, мүдделі тараптар тұжырымдамасы (стейкхолдерлер теориясы), əлеуметтік инвестициялар, корпоративтік азаматтық, əлеуметтік сезгіштік, корпоративтік төзімділік, корпоративтік əлеуметтік қызмет, корпоративтік əлеуметтік адалдық. КƏЖ жəне балама тұжырымдамалар арасындағы негізгі айырмашылықтар мен ерекшеліктер анықталды. Олардың мазмұнының сабақтастығы мен мақсатты бағытталуы ашылды. Корпорациялардың жұмысының институционалды ортасымен органикалық байланысқан көпаспектілі жəне көпдеңгейлі санаты ретінде КƏЖ мəндік мазмұны баяндалады. КƏЖ жəне «тұрақты даму», «корпоративтік азаматтық», «корпоративтік əлеуметтік адалдық» сияқты ұғымдардың өзара аламасуының мүмкін еместігі жөнінде қорытынды жасалды, сонымен бірге КƏЖ жəне «бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі» ұғымдарының синонимділігі негізделді. Осылайша, осы мақаланың мақсаты КƏЖ алуан түрлі терминологиясын жүйелендіру амалы болып табылады. Қойылған мақсатқа қолжеткізу үшін мақалада осы ұғымды түсінуге деген қолданыстағы келістерді талдау жасалды. Ол үшін автор КƏЖ қолданыстағы дефиницияларын жүйелендіру, сондай-ақ осы тұжырымдаманың эволюциясының негізгі кезеңдерін талдау амалын жасады.

Description

Citation

Балтабаева А.К. Генезис жəне корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік эволюциясы/А.К. Балтабаева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.= Bulletin of the Karaganda University. Economy Series.-2018.-№3.-Б. 180-189.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By