Дифференциалды оқыту – үлгермеушілікті жою мақсатында жүргізілетін оқытудың өзіндік түрі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада «дифференциалды оқыту» туралы түсінікке анықтама беріліп, оның түрлері мен формаларына талдау жүргізілді. Оқытудың бұл түріне қатысты пікірлер мен көзқарастарды зерттеуге бағытталған алыс жəне жақын шетелдік, сондай-ақ отандық ғылыми əдебиеттерге сараптамалық шолу жасалды. Бірқатар зерттеулерге салыстырмалы талдау жасай отырып, мұғалімдердің дифференциалды оқыту мəселесіндегі ұстанымдарына, тұжырымдамаларына сараптамалар жасалды. Дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жүйелі түрде білім алушыларға күрделілігі əртүрлі жұмыстарды жүргізуге, мұғалімдермен пікір алысып, білім алушының өзімен сырласуы, ата-ананы одақтас етіп, ынтымақтастықты арттыру істің нəтижелі болуына мүмкіндік жасайтындығы баяндалды. Сонымен бірге талап-тілектеріне сай қосымша уақыт бөліп, бірлесе сынақ-тəжірибелер жасау, бірлесе жасалатын жұмыстар даярлауда көмекке шақыру, көрнекі көрсетілетін тəжірибелерді жасауда жəрдемдесу, біріге еңбек ету – бұл дифференциалды оқытудың маңызды міндеті болып табылатыны
туралы айтылды.
Description
Citation
Отыншиева, М.Т. Дифференциалды оқыту – үлгермеушілікті жою мақсатында жүргізілетін оқытудың өзіндік түрі / М.Т. Отыншиева, Л.С. Сырымбетова, Н. Станчу // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.=Bulletin of the Karaganda University. Economy series. – 2019. - № 1. – 71-78 б.