Алаш идеясы және империализм

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада адамзаттың жалпы тарихындағы империализм түсінігі, отарлау саясатының зардаптары мен оң өзгерістері, қозғалыстар қарсылығы ХХ ғасыр басындағы Алаш идеясымен салыстырмалы түрде қарастырылған. Алаш ұлт-азаттық қозғалысының отаршылдыққа қарсы күресі, қазақ зиялыларының ұлттық идентификацияны (бітім-болмысын) сақтау, қорғау турасындағы көзқарастары мен ой, пікір- талас үндестіктері тарихи-салыстырмалы және салғастырмалы зерттеу тәсілдері мен сандық және са- палық контент анализ негізінде талданды. Сондай-ақ, зерттеу барысында биографиялық параллель, идеография, құрылымдық талдау және жекелеген тұлғалар мен топтардың пікірін арнайы тұжырым- дау негізіндегі бихевиористикалық зерттеу тәсілдері қолданылды. Аталған зерттеу тәсілдері арқылы әлем тарихына өзгерістер енгізген үлкен елдердің отарлау саясаты мен басқыншы әрекеттеріне тарихи шолу жасалып, патшалық Ресейдің түркі-мұсылман халықтарын бағындырудағы айла-тәсілдері сара- ланып, империяның отарлық саясатына қарсы тұратын күш — жалпыұлттық ояну екенін түсініп, сая- си өмірге белсене араласуынан туындаған қарулы және ағартушылық жұмыстары пайымдалды. Зерт- теу барысында ХХ ғасыр басындағы әлемдік өзгерістер, төңкерістер толқыны, империалистік көзқарастардың тыйылмауы, оның тигізіп отырған зардабына қарсы Алаш қозғалысының өкілдерінің көзқарастары да айқындалып, тұжырымдары сараланды. Зерттеу қорытындысы — отарлау саясатына, жалпы империалистік санаға қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын ең үлкен күш идея екендігін анықталып, Ресей империясы тарапынан жүргізілген отарлау саясатына қарсы Алаш идеясының бірлік ерекшеліктері нақтыланды.

Description

Citation

Аубакирова Қ.А. Алаш идеясы және империализм/Қ.А. Аубакирова, З.Т. Кәрімхан//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 51-60 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By