Түркістандық жəдитшілердің ағартушылық қызметі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Орта Азиядағы жəдитшілікті XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезінде Шығыстың көптеген елдерінде пайда
болып қалыптасқан ұлт прогресшілері зиялыларының реформаторлық қозғалыстарының аймақтық
көрінісі ретінде бағалаған орынды. «Жəдит» ұғымы «усул-и-джадит» («Жаңа тəсіл») мағынасында
пайда болып, еуропалық үлгімен жаңаша оқыту дегенді танытады. Жəдитшіліктің осы ағартушылық
мазмұны өлкедегі қоғамдық-саяси ахуалдың дамуы барысында ескі əлеуметтік жəне саяси жүйенің
мəртебесін өзгертіп, оған тың сипат беру түрінде өзгеріске түсті. Сонымен, өлкедегі жəдитшіліктің
қалыптасуы мен қызметіндегі сапалы өзгерістерге қарай, оны мəдени ағартушылық жəне саяси күрес
кезеңі деп екіге бөліп қарастырған. Жəдитшілердің ағартушылық идеялары өлкеде білім беру жүйесін
қазіргі заманғы модульдерге лайықтап реформалау қажеттілігін туғызды. Əрине, бұндай
реформаларды өлкедегі отарлық билік те қолға алған болатын. Білім беру жүйесін реформалауды іске
асыруда отарлық мүддені көздеген патша өкіметі ұлы орыстық шовинизмнің қағидасына сүйенді.
Мақалада жəдитшілік қозғалысқа қатысты жаңа көзқарастар, Орта Азиядағы ұлт-азаттық идеологияны
қалыптастырған ағартушылық идеялары, сондай-ақ ұлт-азаттық қозғалыстың саяси бағдарламалары
мен стратегиялық мақсаттары қарастырылған.
Description
Citation
Базарбаев Қ.Қ. Түркістандық жəдитшілердің ағартушылық қызметі/Қ.Қ. Базарбаев, Қ.З. Сембиев, Т.Ə. Данияров//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2021. №1. 6-12 б.