Ғылыми таным аясындағы аударма мәселесі: теориясы, тәжірибесі, перспективасы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада аударма мәселесінің философиялық және ғылыми негіздері талданған. Осы бағыттағы мәселелер шоғыры «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы мысалы негізінде де бағамдалады. Философиялық мәтіндерді аударуда түйткілді мәселелер мен шешімін табуды қажет ететін ахуалдар көрсетілді: бір тілден екінші тілге аудару мәселесін қарастырған кезде әр тілдің өзіне тән грамматикалық, лексикалық ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігі; қазақ тілінде философиялық терминдерді аудару мәселесіндегі әрқилылық және бірізділік талаптары; қазақ философиялық дүниетанымындағы ұғымдар мен түсініктерді түсіндіретін сөздік жасау қажеттігі; қазақ тіліндегі философиялық энциклопедиялық сөздік мәселесі; алдыңғы мемлекеттік бағдарламалар бойынша аударылған еңбектерге қатысты мәселелер және т.б. Сонымен бірге аударманың ғылыми танымдық бағдарлары жинақталып көрсетілді: прагматизмдегі реконструкциялау, аудармадағы терминдер мен ұғымдар, кейбір сөйлемдердің верификациялануы тиістілігі; тіл философиясын әдіснамалық негізге алу; герменевтикалық негізге сүйену; аудармадағы еркіндік ― сөз қайталамаудың қатаң талабын ескеру, әдеби көркем стильді де қолдануға «рұқсат беру»; примитивизм, ойды үнемдеу қағидасын да негізге алу; феноменологиялық тәсілдемені назардан тыс қалдырмау қажеттігі; деконструкцияның гипермәтіндердегі гипертүсінілуін негізге алу; позитивистердің, неопозитивистердің «ғылым тілін» әдіснама ретінде таңдау және т.б.

Description

Citation

Ғылыми таным аясындағы аударма мәселесі: теориясы, тәжірибесі, перспективасы/ Айтбаева А.Б. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 166-174 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By