Шәкәрім поэзиясындағы текстология мәселелері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада Шәкәрім шығармаларындағы текстологиялық мәселелер талқыланды. Шәкәрім ақын
өлеңдерінің әр түрлі мәтінмен басылуы, оларды бірізге түсіру жолдары қарастырылды. Ақынның көзі
тірісінде жарық көрген кітаптары мен ХХ ғасыр басында баспасөз беттерінде жарияланған
шығармаларына өзі қадағалаған мәтін ретінде қарау ұсынылады. Сондай-ақ ақынның баласы Ахат
Шәкәрімұлының қолжазбалары басшылыққа алынып, қатаң салыстырулар жасалғанда ғана нәтижеге
қол жеткіземіз. Шәкәрім өлеңдерінде қате оқылып жүрген сөздер 1912 жылғы жинақ негізінде
дәлелденді. Мақаламызда Шәкәрім ақын сөздерін мейілінше дұрыс оқуға тырыстық. Мақсат —
Шәкәрім шығармаларының текстологиясы зерттеушілерін күтіп тұрған ең көкейкесті мәселе
екендігіне қайталап назар аудару. Қ. Мұхамедханов, М. Мырзахметұлы, Ғ. Қабышұлы жекелеме
өлеңдерінің мәтініне қатысты ойларын ортаға салды. Ғылыми қауым, әдеби орта әбден тексерілген,
түбегейлі салыстырылған мәтінге мұқтаж. Сонда ғана шын мағынасындағы толық академиялық жинақ
өз оқырманын табады.
Description
Keywords
Citation
Смагулова А.Т. Шәкәрім поэзиясындағы текстология мәселелері/А.Т. Смагулова, А.С. Еспенбетов, Б.А. Ердембеков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2024. №1. 119-127 б.