Студенттердің физикалық дамуының индекстік бағасы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада екі этностық топ, яғни студент қыздардың физикалық дамуын индекстер арқылы
бағалаудың салыстырмалы зерттеу материалдары берілген. Физикалық даму тек жас ұрпақтың ғана
емес, сонымен қатар жалпы халықтың денсаулығының маңызды индикаторларының бірі болып
табылады. Физикалық даму индекстері — жеке антропометриялық белгілердің арақатынасын
көрсетеді, бұл оларды халықты жаппай зерттеу кезінде физикалық дамуды шамамен бағалау үшін,
сондай-ақ əртүрлі қоршаған орта факторларының ағзаға əсерін талдау үшін пайдалануға мүмкіндік
береді. Зерттеуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқитын 17–20 жас
аралығындағы 336 студент-қыздар қатысты. Зерттеулер негізгі биоэтикалық ережелерге сəйкес
жүргізілді. Барлық зерттеулер сессия аралық кезеңде өткізілді. Күннің бірінші жартысында
орындалды. Зерттелушілер ұлтына байланысты екі топқа бөлінді: бірінші топта қазақ ұлтының, екінші
топта — славян ұлтының студент қыздары. Зерттелген топтарда негізгі антропометриялық (дене
ұзындығы, салмағы, кеуде қуысының шеңбері), физиометриялық параметрлер (өкпенің тіршілік
сыйымдылығы, қолдың күші, қан қысымы), антропометрлік (Кетле, Пинье, Мануврие) жəне
функционалдық индекстері (Робинсон, Скибинский, өмірлік жəне динамометриялық индекстер)
анықталды. Зерттелген екі топтың арасында негізгі антропометриялық көрсеткіштерде, Мануврие
индексі мен өмірлік индексі бойынша айқын айырмашылықтар байқалды. Анықталған екінші топтағы
студент қыздардың орташа топтық көрсеткіштерінің жоғары болуы — ағзаның морфофункционалды
ерекшеліктерінің генетикалық бейімділігіне байланысты болды.
Description
Citation
Суюндикова Ж.Т. Студенттердің физикалық дамуының индекстік бағасы/Ж.Т. Суюндикова, Д.Т. Конысбаева, Г.К. Баубекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2021. №3. 157-162 б.