Қазақ тіліндегі сөйлеу синтезінің фонетика-фонологиялық негіздері

dc.contributor.authorБазарбаева, З.М.
dc.contributor.authorСадық, Д.А.
dc.contributor.authorЖұмабаева, Ж.
dc.contributor.authorАманбаева, А.
dc.date.accessioned2025-08-19T05:50:40Z
dc.date.available2025-08-19T05:50:40Z
dc.date.issued2025-06-30
dc.description.abstractҚазіргі кезеңінде ақпараттық, цифрлық технологиялар гуманитарлық ғылымдарында кеңінен пайдаланылады. Осыған байланысты қазақ тілінің мәртебесін көтеру және оның жан-жақты қызметін кеңейту үшін әртүрлі ізденістерді жүргізу қажет. Цифрлық технология дәуірінде тіл білімі саласында экспериментті-фонетикалық әдістер жиі пайдаланылады. Сегментті және суперсегментті бірліктерді зерттеу үшін компьютерлік бағдарлама қолданылады. Экспериментті ізденістер арқылы ауызша дискурстың ерекшеліктерін анықтап сипаттауға болады. Цифрландыру құбылысы көлемді мәтіндерді талдауға мүмкіндік береді. Оны синтагмаға, фонетикалық сөздерге, содан кейін буындарға және ең шағын фонетикалық бірлікке бөліп, олардың акустика-артикуляторлық сипаттамасын анықтау керек. Шағын тілдік бірліктер — фонемалар сөйлеу синтезін әзірлеу үшін деректі материал ретінде алынады. Қазақ тілінің синтезі мен танылуы бойынша зерттеулер өзекті. Сөйлеу синтезі кіріс мәтінінің белгілі бір қасиеттерін талдау және оның просодикалық белгіленуі негізінде әуеннің ағымдағы контурын, дыбыс күшін, фонемалық ұзақтығын және үзіліс ұзақтығын қалыптастырудың автоматты процедурасының болуын болжайды. Тіл білімінің соңғы ізденістерінде цифрландыру процестері кеңінен пайдаланылады. Корпустық лингвистикада, мәтіндерді автоматтандыруда, сөйлеу синтезін әзірлеу барысында компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Мақала сөйлеу синтезінің фонетика- фонологиялық негіздерін анықтауға арналған. Эксперименттік-фонетикалық зерттеулер негізінде таңдалған мәтін дыбыстық бірліктерге — фонемаларға бөлінеді және арнайы бағдарлама арқылы дыбысталған мәтінге айналады. Сөз ағымындағы фонетикалық бірліктер әртүрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Компьютер жадына енгізілген дыбыстардың сандық деректер сөйлеу сигналына айналады. Фонемалардың модификациясы, кейбір фонемалардың әлсіреуі, олардың басқа фонемалардың қасиеттерін алуы, редукция, ассимиляция процестерінің себептері тексерілді. Фонемалардың әлсіз позициясындағы вариант, вариациялардың просодикалық ерекшеліктері сипатталады. Сөз легіндегі әрбір фонема өзінің аллофондарында көрініс табады. Сөз синтезінің дыбыс қоры акустика-артикуляторлық сипаттамасына негізделеді. Дыбыс қорын зерттеп, сөз ағымындағы фонетикалық өзгерістерінің лингвистикалық және экстралингвистикалық себептерін анықтағанда, дыбыс түрленімінің типологиялық заңдылықтарын айқындау барысында әртүрлі стилдік мәтіндерді синтездеуге болады. Сонымен, дыбыстық бірліктердің әртүрлі реңкте, вариацияда айтылуы, дыбыстардың фонетикалық өзгерістері, фонема мен аллофондарының түрленім себептері, дыбыс өзгерістерінің жалпы типологиясы қолданбалы лингвистика үшін, нақты айтқанда сөз синтезінің платформасын жасау үшін өте қажет. Сөйлеу синтезінің негізгі қағидасы фонетика-фонологиялық мәліметтер базасын құру және оның негізгі элементтері белгілі бір тілде кездесетін фонемалардың аллофондары болып табылады. Инвариант фонемалардың сөйлеу барысындағы вариациялары, олардың синтагматикалық осьтегі жүзеге асуы арнаулы бағдарлама арқылы тексеріледі.ru_RU
dc.identifier.citationБазарбаева З.М. Қазақ тіліндегі сөйлеу синтезінің фонетика-фонологиялық негіздері/З.М. Базарбаева [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2025. №2. 139-149 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20780
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.;№2(118)/2025
dc.subjectсөйлеу синтезіru_RU
dc.subjectфонемаru_RU
dc.subjectаллофонru_RU
dc.subjectайырым белгілеріru_RU
dc.subjectвариантru_RU
dc.subjectвариацияru_RU
dc.subjectлингвотехнологияru_RU
dc.titleҚазақ тіліндегі сөйлеу синтезінің фонетика-фонологиялық негіздеріru_RU
dc.title.alternativeФонетико-фонологические основы синтеза казахской речиru_RU
dc.title.alternativePhonetic-Phonological Fundamentals of Synthesis of Kazakh Speechru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фид-139-149.pdf
Size:
971.22 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: