Пандемия жағдайындағы халықтың көші-қоны: әлеуметтік мәні және қазіргі қоғамдағы әлеуметтік процестерге әсері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мақсаты: Халықтың көші–қонына жүргізген зерттеу— бұл күрделі әлеуметтік
экономикалық құбылыс, ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік–саяси өмірінің әртүрлі аспектілерімен, олардың өзгеру тенденцияларының қалыптасуы мен көрінісімен тығыз байланысты, соның ішінде пандемияға жағдайындағы халықтың көші–қонының қоғамдағы өзгерісін көрсету.
Әдісі: Авторлар мақалада бірқатар әдістерді: жүйелік талдау, сауалнама, Smart PLS бағдарламасы арқылы құрылымдық модель құру, талдау және салыстыру, сонымен қатар, графикалық әдісті пайдаланған. Осы әдістерді қолдану қазіргі көші–қон тұжырымдамасының маңызды ерекшеліктерін, оны түрлендірудің құралдары мен индикаторларын объективті қабылдауға мүмкіндік береді.
Қорытынды: Жүргізілген зерттеудің қорытындысы зерттеу гипотезасын растаумен негізделді. Сауалнама сұрақтары арқылы тәуелсіз айнымалылардың индикаторларының қысқартылған нұсқадағы түрі көрсетілген. Тәуелсіз және тәуелді айнымалыларының детерминация коэффициенті (R) 0,951 құрады. Бұл дегеніміз, халықтың көші–қонына пандемияға жағдайы әсер еткенін дәлелдеп отыр.
Тұжырымдама: Көші–қон мәселесі еліміздің экономикалық, әлеуметтің әл–ауқатымен, адами капиталдың бағасымен тікелей байланысты үлкен проблема. Осы мәселенің мән –жайын зерттеп, шешу жолын іздегеніміз дұрыс. Дамыған елдердің қатарына қосыламыз десек, білікті кадрларды дайындап оларды бағалағанымыз жөн.
Description
Keywords
Citation
Райханова Г.А. Пандемия жағдайындағы халықтың көші-қоны: әлеуметтік мәні және қазіргі қоғамдағы әлеуметтік процестерге әсері/Г.А. Райханова, Н.Б. Құттыбаева, Р.Б. Жапарова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. - 2022. - №1. - 248-255 бет.