Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдық категориялар

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

NLC “Karaganda National Research University named after аcademician Ye.A. Buketov”

Abstract

Мақалада ұлттық рухани дәстүр контексінде адам болмысының философиялық түсінігін айқындайтын қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдық категориялар талданған. Зерттеудің мақсаты— қазақ ойшылдарының философиясы көшпелі және ислам өркениеттерінің тарихи-мәдени ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге заманауи экзистенциалдық дағдарыстар жағдайында адам болмысын түсінуге арналған әмбебап бағдарларды да қалыптастыратынын көрсету. Соған байланысты, Қорқыт дүниетанымындағы, Әбу Насыр әл-Фараби трактаттарындағы, Ахмет Яссауи және Жүсіп Баласағұн, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі адам болмысы, өмір мәнін іздеу, еркіндік пен таңдау мәселесі, адамның өзінің болмысы үшін жауапкершілігі, сондай-ақ ар, ұждан, тағдыр категориялары қарастырылады. Қорқыт Ата мұрасында өлім қорқынышын еңсеру және өнер арқылы мәңгілікке ұмтылу сарыны ерекше мәнге ие екені, әл-Фарабиде — шынайы болмыстың шарты ретінде қайырымды қала мен тұрғындар арасындағы үйлесімді концепциясы, Ахмет Яcсауидің сопылық философиясында — рухани жол (тариқат) мен ішкі тазару идеясы, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында — әділет, ізгілік және адам мақсат сияқты экзистенциалдық категориялар анықталып, оларға феноменологиялық талдау жасалды. Зерттеудің әдістемелік негізін мәтіндерді герменевтикалық талдау, салыстырмалы-тарихи әдіс және феноменологиялық тәсіл құрайды. Бұл әдістер экзистенциалдық категориялардың әмбебап сипатын да, олардың ұлттық ерекшелігін де айқындауға мүмкіндік береді. Еуропалық экзистенциализм идеяларымен салыстыра отырып, бұл категориялардың әмбебап сипаты мен ұлттық ерекшелігі анықталды.

Description

Citation

Сарсенбеков Н.Ж. Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдық категориялар/ Н.Ж. Сарсенбеков , А.С. Сағатова// E Logos: Eurasian Journal of Philosophy. – 2026. – Vol.31. – № 1(121). – pp. 78-91.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By