Ономастикалық атаулардың танымдық моделі

dc.contributor.authorСадирова, К.К.
dc.contributor.authorЖазыкова, Р.Б.
dc.date.accessioned2024-02-13T06:29:20Z
dc.date.available2024-02-13T06:29:20Z
dc.date.issued2023-12-30
dc.description.abstractОномастикалық атаулар — әлемді қабылдаудың көрсеткіштерінің бірі, олар әлем бейнесін тілде таңбалайды. Ономастикалық атаулардың бұл қызметі отандық және шетелдік ғалымдардың танымдық лингвистика бағытындағы зерттеулерінде аталып жүр. Әрбір ономастикалық атаудың мәнінде халықтың тарихынан, дүниетанымынан, әлеуметтік-мәдени өмірінен мәлімет беретін білім сақталған. Бірақ ол білімді ашудың кілті сол ономастикалық атауға қатысты өзге мәтіндермен сабақтастықта ашылады. Мақаланың негізгі мақсаты — Қазығұрт топонимі мен Ырғыз гидронимінің танымдық моделін анықтау. Осы мақсатқа сай мақалада тілдің танымдық үдерісі адам миының жұмысы мен адам санасындағы танымдық құрылымдармен анықталатыны, тілдің онтологиялық қасиеті адамның әлемді қабылдауын ұйымдастырумен байланыстылығы талданған. Ономастикалық атаулар, оның ішінде Қазығұрт топонимі мен Ырғыз гидронимі де осындай әлемді қабылдаудың көрсеткіші деп саналып, ол атаулардың астарындағы мән немесе әлеуметтік-мәдени білім анықталып, танымдық моделі айқындалған. Авторлар ғылыми зерттеулерін орындау үшін тілдік және танымдық талдау әдістерін қолданған. Зерттеу нәтижесінде Қазығұрт топонимі мен Ырғыз гидрониміне қатысты мынадай танымдық модельдер анықталған: 1) Қазығұрт топонимі: «Қазығұрт — Нұх пайғамбар кемесі», «Қазығұрт — топан су», «Нұх пайғамбар кемесі — Шопан ата / Қамбар ата / Ойсылқара», «Қазығұрт — Қорқыт ата», «Қазығұрт — Адам ата / Хауа ана», «Қазығұрт — Айбарша» 2) Ырғыз гидронимі: «Ырғыз — қарқынды өзен/ құдық/ шұңқыр өзен / ескі дария / ескі өзен», «Ырғыз — екі жынысты тіршілік иесі (гермафродит)», «Ырғыз — ерке-әйел/ батыл қыз». Мақаланың ғылыми құндылығы Қазығұрт топонимі мен Ырғыз гидрониміне қатысты танымдық модельдерді анықтау олардың имплицитті мән-мағыналарын дұрыс қабылдау мен түсінуге, сол арқылы қазақ ұлтының дүниетанымына қатысты ғылыми тұжырым беруімен байланысты болса, практикалық құндылығы осы атауларға тілдік және танымдық талдау жасау үлгісін осы тәрізді ғылыми зерттеулерде пайдалануға жарамдылығымен анықталады.ru_RU
dc.identifier.citationСадирова К.К. Ономастикалық атаулардың танымдық моделі/К.К. Садирова, Р.Б. Жазыкова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2023. №4. С.27-35.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/17920
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕАҚ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№4(112)/2023
dc.subjectономастикалық дискурсru_RU
dc.subjectтопонимru_RU
dc.subjectтілдік кілт (код)ru_RU
dc.subjectтанымдық кілт (код)ru_RU
dc.subjectмифонимru_RU
dc.subjectтілдік санаru_RU
dc.subjectтілдік-мәдени мазмұнru_RU
dc.subjectтанымдық негізru_RU
dc.titleОномастикалық атаулардың танымдық моделіru_RU
dc.title.alternativeКогнитивная модель ономастических именru_RU
dc.title.alternativeCognitive model of onomastic namesru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-27-35.pdf
Size:
911.91 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: