«Ақырзаман» теориясының онтологиялық желісі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Бүгінгі философияның өзекті мәселелерінің бірі — адамзаттың даму жолы екені белгілі. Адам бала-
сының жеткен жетістіктері уақытты игерумен тікелей байланысты болгандықтан, оны түрлі кезеңдер-
ге бөліп қарастыру тән. Түркі халықтарына уақытты заманга бөлу ортақ түсінік ретінде қалыптасқан.
Көне заман, жаңа заман, ақырзаман сияқты кезеңге бөлу санамызда бекіп кеткені сонша, оларды еш
ойланбастан ажырата аламыз, олардың әрқайсысының ақиқаты өзінде жатыр. Мақалада «ақырзаман»
деген не, мәні мен сипаты, санадагы көрінісі мен ол турасындагы болжамдар жайлы қарастырылган.
Сонымен қатар мақаланың міндеті «ақырзаман» түсінігіне қатысы бар теорияларды философиялық
талдау жасау. Заманды қарастыра отырып оның шегін болжау әрекеттерінің қажеттілігі құндылық
тұргысында жүйеленеді. Шексіз аспан әлеміне жер галамшарындагы ақырзаман процесінің қатысты-
лық багытын багдарлау тұжырымдамалары философияның негізгі мәселелерінің бірі болып саналады.
Адам заманага қатысты мәселелерді түсінуге тырысып, зерттеп қана қоймай, сол құбылыста, оның аясында
өмір сүреді. Қанша тереңдесе де, нақты жауап тауып, дәл анықтауы да мүмкін емес. Себебі,
оның мәні өзінде, өзіне жасырынган. Алайда, біз сол заманның ішінде өмір сүре отырып, онымен ті-
келей байланыстамыз. Ертеңгі күннің ақиқатын білмеу, адамдарды үрейлендірері хақ. Белгісіздіктің
соңының бір болары да айқын. Осы негізде «ақырзаманның» онтологиялық мәні де біздің оган деген
қатынасымыз негізінде ашылады.
Description
Keywords
Citation
Салыматова Н.Р. «Ақырзаман» теориясының онтологиялық желісі/Н.Р. Салыматова, К.М. Болысова, А.Р. Өзкан//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 309-315 б.