Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының сандық сипаттамаға көшуі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының сандық сипаттамаға көшуі қазіргі таңдағы мұрағат
мекемелерін модернизациялау ісін жүзеге асырудағы өзекті бастамалардың бірі болып табылады. Ұлт-
тық архив қорларын сандық сипаттамаға көшіру кешелі-бүгін ғана туындаған мәселе емес. Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде 2004 жылы «Элек-
тронды Үкімет» бағдарламасын іске асыру басталған мезеттен бастап, электрондық архивтер жүйесін
ұйымдастыру жұмыстары да жүзеге асырылып келеді. Мақалада авторлар Қазақстан Республикасының
Ұлттық архив қорларының сандық сипаттамаға көшуі барысын жан-жақты сипаттап, электрондық ар-
хив жүйесінің құрылуының маңыздылығына тоқталған. Бұл орайда, «Цифрлы Қазақстан» жобасының
халыққа қызмет көрсету үдерісін дамытуға бағытталған жұмыстарына жан-жақты талдау жасалынған.
Архивтер қорында сақтаулы тұрғандардың сандық сипаттамаға көшуі, жаңа технологияларды қолдану
архив жұмысының барысына жаңа серпін беретініне күмән келтірмейді.
Description
Citation
Ахметшина Г.У. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының сандық сипаттамаға көшуі/Г.У. Ахметшина, М.А. Алпысбес//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №2. 32-36 б.