Түркістан облысында инновациялық кәсіпкерлік құрылымдардың қазіргі жағдайы және даму барысы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Тиімді әлемдік тәжірибе негізінде қазақстандық экономикадағы кәсіпорындардың инновация- лық белсенділігін жандандыру бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін әлемдік және отандық практикада инновациялық кәсіпкерліктің даму мәселелерін зерттеу. Әдісі: Зерттеу барысында оң, нормативтік, салыстырмалы және жүйелік талдау, синтездеу, жалпылау және ғылыми абстракциялау әдістерінің кешені, сондай-ақ математикалық-статистикалық әдістер қолданылды. Қорытынды: Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту тетігін жетілдіру мәселелерін жеткіліксіз әзірлеу және осы салада жинақталған халықаралық тәжірибені пайдалану дамудың инновациялық жолына көшу тәуекелде- рін бағалау, сондай-ақ әлемдік нарыққа шығу кезінде кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекелестік артықшылық- тарын қалыптастыру тұрғысынан мәселені анықтады. Тұжырымдама: Инновациялық кәсіпкерлік әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі кезеңінде оның құ- рылымының икемділігі мен бейімделуін арттыруға ықпал жасайды. Ұлттық экономикада инновациялық кәсіпо- рындар дағдарыс кезеңінде жұмыссыздықтың төмендеуіне ықпал етеді, өнеркәсіп салаларындағы инновация- лық процестерді жеделдетеді. Әлемдік экономиканы постиндустриализациялаудың әсерінен бәсекелестіктің күшеюі және өндірістің ұйымдық-технологиялық құрылымының өзгеруі инновациялық шағын және орта кәсі- порындардың рөлін күшейтуге ықпал етеді, өйткені олар аталған өзгерістерге тезірек және ауыртпалықсыз бе- йімделе алады.

Description

Citation

Мухамедханова А.Б.Түркістан облысында инновациялық кәсіпкерлік құрылымдардың қазіргі жағдайы және даму барысы/А.Б.Мухамедханова, М.Нурсой//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.265-274.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By