Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру: проблемалар, үрдістер, шешімдер
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің трансформациясы мен
интеграциясы зерттелген, өйткені əлемдік тəжірибеде білім беру проблемаларын шешудің жаңа тəсілі
ұйымдастырушылық, құрылымдық, идеологиялық өзгерістерді, білім беру мазмұнын жаңартуды
түбегейлі қайта қарауды, қазақстандық қоғам дамуының қазіргі кезеңіне жəне əлемдік білім беру
кеңістігіндегі жаһандық интеграциялық процестерге сəйкес мамандарды даярлау сапасының
талаптарын арттыруды қажет етті. Осыған байланысты жоғары білім берудің негізгі бағыттарындағы
шетелдік студенттердің кəсіби даярлығының өзекті мəселесі де талданды: білім беруді
интернационалдандыру жəне білім беру саласындағы мемлекеттердің заң шығарушы жəне атқарушы
органдарының қызметін үйлестіру; үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мүмкіндігі
жəне білім беру сапасын оның барлық деңгейлерінде жетілдіру сияқты проблемалардың шешімдері
қаралды. Мақала авторлары білімнің қоғам қажеттіліктеріне, оның экономикасы мен ұлттық-мəдени
ерекшеліктеріне тəуелділігімен, сондай-ақ оқу елін таңдаудың ортаның «зияткерлігіне» тəуелділігімен
шарттасқан Қазақстан жоғары оқу орындарында шетелдік студенттердің кəсіби даярлығын дамыту
генезисін анықтады, сондай-ақ шетелдік студенттердің кəсіби даярлығын дамыту перспективаларына
жəне тұтастай алғанда жоғары білімнің интернационалдандырылуына болжам жасаған.
Description
Citation
Акбаева Г.Н. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру: проблемалар, үрдістер, шешімдер/Г.Н. Акбаева, Н.Рамашов, А.Н. Рамашова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2021. №2. 119-127 б.