Блокчейн технологиясын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндіктері
| dc.contributor.author | Токатов, Р.А. | |
| dc.contributor.author | Базаров, М.М. | |
| dc.contributor.author | Алимкулова, Б.К. | |
| dc.date.accessioned | 2023-11-21T06:26:27Z | |
| dc.date.available | 2023-11-21T06:26:27Z | |
| dc.date.issued | 2023-09-30 | |
| dc.description.abstract | Зерттеу мақсаты инновациялық технология — блокчейн технологиясын қолдану арқылы Egov жəне мемлекеттік сатып алу порталдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеуде ғылыми зерттеудің іргелі жəне қолданбалы, құқықтық салыстыру, құқықтық статистикалық, жүйелік, логикалық, функционалдық əдістері қолданылған. Қол жеткізілген нəтижелер. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуда блокчейн технологиясының əлеуеті қарастырылған. Технологиялық жүйенің басымдықтары мен осал тұстары ашылған. Шетелдік тəжірибелер зерделеніп, технологияны қолданысқа енгізу үшін Қазақстанның заңнамасындағы негіздер зерттелген. Қысқаша қорытынды. Блокчейн технологиясы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға негіз болған мəн-жайларды жою арқылы олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу нəтижесінде Қазақстандық заңнамаға бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізуге құқықтық негіздер анықталған. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары кең таралған мемлекеттік жəне квазимемлекеттік сатып алулар саласындағы қаржылық-есептік құжаттарды блокчейн ақпараттық жүйесінде қалыптастыру осы саладағы бюджет қаражатын жымқыру, алаяқтық фактілеріне тиімді тосқауыл болуы мүмкін. Блокчейн технологиясын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу құралы ретінде қарастырып, осы бағыттағы келесі құқықтық зерттеулерге жол ашуы зерттеудің ғылыми маңыздылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттырып, жемқорлық құқық бұзушылықтарының деңгейін төмендетуге септігін тигізіп, нəтижесінде əлеуметтік-экономикалық дамуға негіздер жасалуы зерттеудің тəжірибелік маңызы болмақ. Зерттеу нəтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында қолданылуы мүмкін. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Токатов Р.А. Блокчейн технологиясын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндіктері/ Р.А. Токатов, М.М. Базаров, Б.К. Алимкулова// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы.– 2023. – № 3(111). – pp. 108-118. | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2663-5119 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/17219 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы.;№3(111) | |
| dc.subject | сыбайлас жемқорлық | ru_RU |
| dc.subject | блокчейн | ru_RU |
| dc.subject | превенция | ru_RU |
| dc.subject | сандық трансформация | ru_RU |
| dc.subject | сандық қылмыс іздері | ru_RU |
| dc.subject | құқықбұзушылықтың алдын алу | ru_RU |
| dc.title | Блокчейн технологиясын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндіктері | ru_RU |
| dc.title.alternative | The opportunities of countering corruption offenses through the use of blockchain technology | ru_RU |
| dc.title.alternative | Возможности противодействия коррупционным правонарушениям с помощью применения технологии блокчейн | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |