Қаламгер ұстанымы және драматизм (Т. Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты бойынша)
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада Т. Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» атты хикаятындағы бір ғана адамның басынан кешкен оқиғалары арқылы сол бір аласапыран уақыт аясындағы қалың жұртшылық өкілдерінің көпшілігіне тән болып келген жайттар кеңінен талданып, көрсетілген. Мақаланың мақсаты хикаят құрылымындағы асқынған, ширыққан, драматизмге толы түрлі жағдайлардың орын алуын кешенді түрде саралаудан өткізу. Зерттеу барысында саралау, теориялық талдау және жинақтау әдістері қолданылды. Зерттеудің нәтижесінде бас қаһарманның көркем бейнесін сомдауда авторлық
тұжырымдама, ұстанымынан туындаған негізгі идея жинақтаушылық және жалпыламалық сондай-ақ жалқылық сипаттарға қаншалықты дәрежеде ие болғаны жан-жақты талданып, саралаудан өткізілген. Батыр болмысындағы асқынған драматизм, небәрі он екі жасынан бастап тағдырдың ащы тәлкегіне ұшырауы, әкенің саяси сенімсіз, яғни халық жауы деген нақақ жаламен тұтқындалып, ақыры атылуы,
қаршадай қарындасының жылай-жылай бақиға аттануы, халық жауының әйелі, яғни бұның анасының да жазасын өтеп, бостандыққа шыққанымен, ұлын бір рет көре алмай көз жұмуы — адамзат баласының тағдырына тотаритарлық жүйенің қаншалықты трагедия әкелгенін шынайы түрде көрсете алған. Әр қаһарманның басындағы түрлі теперіш, тартыс жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның
басындағы ауыр хал-ахуалды көрсететіні бүгінгі күн биігінен зерделенген.
Description
Keywords
Қаламгер ұстанымы, Қаламгер, ұстаным, драматизм, Т. Әбдікұлы, «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты, Тұғыр, ғұмыр, қаламгер, драматизм, повесть, хикаят, стиль, Позиция писателя, драматизм, повесть «Пьедестал и жизнь», Т. Абдикулы, Пьедестал, жизнь, писатель, повествование, рассказ, стиль, Position, writer, dramatism, according, T. Abdikuly, story “Pedestal and Life”, Pedestal, Life, drama, narrative, short story, style
Citation
Смагулова А.М., Толеубаева К.А., Мингазова Л.И. Қаламгер ұстанымы және драматизм (Т. Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты бойынша)/ А.М. Смагулова, К.А. Толеубаева, Л.И. Мингазова //Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 119-126