Ақпараттық технологияларды басқарудағы ішкі аудиттің рөлі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Зерттеудің мақсаты ― ақпараттық технологияларды басқарудағы ішкі аудиттің рөлін зерттеу. Ол сондай-ақ ақпараттық технологиялардың ішкі аудитіне әсер ететін қазіргі заманғы факторларды, ішкі аудит мүмкіндіктерін құру және қолдаудың негіздемесін зерттейді және ішкі аудит бағдарламаларының құрылымдық және операциялық ерекшеліктерін сипаттау арқылы ұйымдардың жақсы басқарылатын ішкі аудит бағдарлама- ларынан күтетін кейбір әлеуетті артықшылықтарын сипаттайды. Мақалада ішкі аудит қызметінің ұйымдық құрылымдағы типтік орналасуы және оның басқару органдары- мен байланысы қарастырылған. Ол сондай-ақ ішкі аудиторлардың кейбір сипаттамаларын және аудиторларға өз жұмысын тиімді орындау үшін қажетті дағдылар мен тәжірибені сипаттайды. Әдісі: Зерттеуде индукция, дедукция, жалпылау, топтау, жіктеу, салыстырмалы талдау және негіздеу, ста- тистикалық талдау, сонымен қатар корреляциялық және дисперсиялық талдау сияқты ғылыми әдістер қолда- нылды. Қорытынды: Тиімді ішкі аудит бағдарламасын сақтау сонымен қатар ұйымдарға өздерінің ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеуі мен сақталуына қатысты құзыретті және еңбекқор әрекет ететінін көрсете отырып, тиісті тексеру принципіне адалдығын көрсетуге көмектеседі. Тиісті тексерудің дәлелдерін ұсыну инвесторлар мен іскери серіктестер үшін маңызды ақпарат береді, сонымен қатар жауапкершілік немесе іскерлік тәжірибеге байланысты дауларда құқықтық қорғауды қамтамасыз ете алады. Тұжырымдама: Алынған зерттеу нәтижелері бойынша, еңбек өнімділігінің артуы тікелей халықтың циф- рлануына байланысты. Сол себепті, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарда халықтын ақпараттық менед- жменттің дамуына, яғни өз құрылымдарында ақпараттық технологияларға жауапты тұлғаларды белгілеу арқы- лы және тиісті ішкі аудит жүргізу арқылы белгілі бір нәтиже аламыз.

Description

Citation

Ақынов Д.М. Ақпараттық технологияларды басқарудағы ішкі аудиттің рөлі/Д.М.Ақынов [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.155-163.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By