Қытай тіліндегі идиомалық сөздердің ұлттық ерекшелігі жəне оны қазақ тілді аудиторияда оқыту əдістері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Идиома дегеніміз адамдар ұзақ уақыт бойы қолданып келген, мағынасы толық, құрылымы тұрақты,
қысқаша формасымен қолданылатын тұрақты тіркестер. Əр ұлттың өзіндік ұлттық ерекшелігін, əдет-
ғұрпын, өмір салты мен наным сенімінің көрінісін идиомалардан табуға болады. Соған орай белгілі
бір тілдің идиомаларын оқыту арқылы сол ұлттың болмысымен де тереңірек танысуға болады. Яғни,
идиомалар негізінен тарихтың өнімі болып табылады, олардың көпшілігі тарихи дəуірден бері
қолданылып келеді. Қазіргі Қытай жазбаша жəне ауызекі тілдерінде кеңінен қолданылатын идиомалар
— қытай тілінің алтын тірегі, сонымен қатар қытай мəдениетінің ерекшелігі. Бұл қытай тілінің
лексикологиясында қысқа, қарапайым, экспрессивті жəне ерекше белгілері бар ерекше орын алатын
тіл категориясы жəне де идиомалардың этимологиясы ежелгі Қытаймен тығыз байланысты.
Идиомалардың тарихи сипатына байланысты ежелгі қытай тілдерінің грамматикалық ерекшеліктері
сақталады. Идиоманы оқыту қытай тілін шет тілі ретінде үйренудегі маңызды қадам болып табылады.
Мақалада идиомалардың қайнар көздері арқылы шығу тарихы мен ерекшелігін саралап, үздіксіз
өзгерістен кейінгі бүгінгі таңдағы идиомалардың сипатына тоқталған. Автор мақалада қытай тілін шет
тілі ретінде оқитын студенттерге идиомаларды оқыту барысындағы ерекшеліктері мен оқыту
əдістемесін қарастырған. Қытай тілін шет тілі ретінде оқыту бойынша сарапшылар арасында қытай
мəдениеті мен қытай тілін оқыту арасындағы байланыс туралы көптеген пікірлер бар. Алайда,
идиомалар — бұл аталған екі аспектімен тікелей байланысты ерекше мəселе.
Description
Keywords
Citation
Əбиденқызы А. Қытай тіліндегі идиомалық сөздердің ұлттық ерекшелігі жəне оны қазақ тілді аудиторияда оқыту əдістері/А. Əбиденқызы//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №3. 55-60 б.