Қазақстандағы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет жарнамасы: жағдайы, əлемдік тəжірибе жəне даму мүмкіндіктері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
2019 жылға арналған зерттеу жобаларын гранттық қаржыландыру жобасының аясында Қазақстан
Республикасы Ақтөбе қаласында электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді жарнамалау қажеттілігі
қарастырылды. Мақаланың мақсаты цифрландыру жағдайында халықтың электронды мемлекеттік
қызмет алуын ынталандыру үшін тиімді құрал ретінде жарнаманы қолдану тиімділігін ғылыми
негіздеу болып табылады. Авторлар елдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі
бойынша əкімшілік реформа жүргізудің бағыттары, электронды мемлекеттік қызметті дамыту
ерекшеліктерін талдаған. Сонымен қатар электронды мемлекеттік қызметті халыққа танымал етудің
шетелдік тəжірибесіне шолу жасаған. Оның ішінде электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді
жарнамалау ерекшеліктері, тиімді құралдары, мемлекеттік қызметті жарнамалаудың əлемде
қалыптасқан трендтері қарастырылған. Ғылыми мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің
ғылыми абстракция, экономикалық талдау жəне синтез, статистикалық жəне макроэкономикалық,
салыстыру əдістері қолданылды. Ғылыми мақаладағы негізгі қорытындылар мен ұсыныстар
электронды үкіметті дамыту жəне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі Қазақстан
Республикасының Заңдарына, жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына
жəне «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына негізделген.
Description
Keywords
Citation
Есберген Р.Ə. Қазақстандағы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет жарнамасы: жағдайы, əлемдік тəжірибе жəне даму мүмкіндіктері/Р.Ә Есберген//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №3. 239-246 б.