Аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің рөлі

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының халқын əлеуметтік қамтамасыз етудің жəне əлеуметтік қорғаудың жаңа механизмдерін іздеу жəне халықтың өмірінің сапасын сандық жəне сапалық бағалау үшін дамыған елдерде қолжеткізілген нақты өмірлік стандарттарды бағалау қажеттілігі қарастырылды. Авторлар Қазақстан Республикасында 2012–2016 жылдары динамикасында халықтың өмірі сапасының негізгі өлшемдерін қарастырды: тұрғын үй жағдайлары, табыс, жұмыс, білім, денсаулық жəне экология. Əрбір көрсеткіш Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəліметтеріне сəйкес ұсынылған жəне ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерімен салыстырылды. Экономикалық, экологиялық, əлеуметтік құраушы бойынша жеке-жеке тұрақты даму шеңберінде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің негізгі бағыттары бөлінді. Жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері тұлғасында жұмыс берушілердің қоғамдық бірлестіктері атап өтілді. Құқықтық мемлекетте əлеуметтік серіктестіктің маңыздылығы көрсетілді. Қазақстан Республикасында əлеуметтік серіктестік үшін бүтіндік, жүйелілік, ұзақмерзімділік жəне көпдеңгейлі сипат қажет екендігі айтылды. Кез келген бизнес қоғамның материалдық жəне рухани əлеуетінің жоғарылауына ықпал етуі, əрбір индивидтің қабілеттерін жəне дарындарын тəжірибеде жүзеге асыру үшін қолайлы орта құруы жəне қоғам алдында əлеуметтік жауапты қағидаларға негізделуі тиіс екендігі жөнінде қорытынды жасалды.

Description

Citation

Кунязова С.К. Аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің рөлі /С.К. Кунязова, М.К. Каримбергенова, Д. Фиц //Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика=Bulletin of the Karaganda University. Economy series.-2018.-№2.-Р.21-27

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By