Балқаш өңірінің ономастикалық атаулары: шығу тегі және зерттелуі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақалада Балқаш қаласы және оның маңындағы өңірдің ономастикалық жүйесі, жер-су
атауларының шығу тегі, тарихи негіздері және олардың зерттелу ерекшеліктері қарастырылады.
Географиялық атаулар - белгілі бір аймақтың табиғаты, тарихы, этномәдени ерекшелігі және халықтың
дүниетанымы жөнінде құнды ақпарат беретін маңызды лингвистикалық дереккөз. Балқаш өңіріндегі
топонимдердің көпшілігі ежелгі түркі, қыпшақ, моңғол және қазақ руларының тілі мен мәдениетінен
бастау алады. Мақалада «Балқаш» атауының этимологиясы, көл мен қала атауының әртүрлі деректерде
берілуі, өңірдегі өзендер, қыраттар, қалашықтар мен өндірістік аймақ атауларының тарихи-мәдени
негіздері талданады. Сонымен қатар Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақов, Ә. Әбдірахманов сияқты
ғалымдардың еңбектеріндегі Балқаш өңіріне қатысты тұжырымдар қарастырылады. Зерттеу
барысында салыстырмалы-тарихи талдау, этимологиялық зерттеу, картографиялық салыстыру және
ауызша деректерді жинау әдістері қолданылды. Балқаш қаласы мен оның өңіріндегі ономастикалық
атаулар тек географиялық нысандарды белгілеу үшін ғана емес, халықтың тарихи жадын, жергілікті
ерекшеліктерін, табиғи-экономикалық жағдайын көрсететін маңызды мәдени белгі ретінде
бағаланады.
Description
Keywords
Citation
Абеуов А.Е. Балқаш өңірінің ономастикалық атаулары: шығу тегі және зерттелуі/А.Е. Абеуов//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 278-281 б.