Атеизмнің Қазақстандағы киелі орындарға ықпалы: Қызылорда облысы мысалында (1960-1980 жж.)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада 1960-1980 жылдар аралығындағы большевиктердің исламдық қасиетті жерлерге қатысты ұстанымы мен әрекеті Қызылорда облысындағы қасиетті орындар мысалында қарастырылады. Негізгі идеологиясының бірі атеизм болған большевиктер жаңа кеңестік қоғам құруды көздеді. Бұл жолда оларға ең үлкен кедергінің бірі мұсылман халықтардың діні мен дәстүрі болды. Орталық Азияда бұрыннан әулиелердің кесенелерін қасиетті санау, зиярат ету дәстүрі бар еді. Орталық Азия халқы үшін қасиетті саналатын әрі Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен мұсылмандар келіп зиярат ететін Ахмет Яссауи кесенесі секілді қасиетті жерлер көп болды. Осындай діни дәстүр мен қасиетті жерлер, дінді жойғысы келген большевиктерді қатты алаңдатты. Осылайша кеңестік билік Сыр бойындағы халықтың қасиетті жерлерге бару дәстүріне қарсы күресін үдетті. Қасиетті жерлерге қарсы үгіт- насихат күшейтілді. Большевиктер үгіт-насихат арқылы қасиетті жерлердің мүлде қасиетті емес екенін дәлелдеуге тырысты. Үгіт-насихат әулиелердің кесенесіне ғана емес, кесенеде жерленген әулиелердің культіне де қарсы жүргізілді. Сонымен қатар, қасиетті жерлерге қарсы коммунистік партияның қабылдаған шешімімен бірге жергілікті мұсылмандардың Діни басқармасының пәтуасы да қолданылды. Мақалада кеңестік биліктің Қызылордадағы қасиетті жерлерге қарсы осындай атеистік ұстанымдары архив деректері негізінде қарастырылып, талданатын болады. Атеистік идеология жағдайында большевиктер исламдық қасиетті жерлерге қатысты нақты қандай шешімдер қабылдап, қандай әрекеттер жасады және көздеген мақсатына жете алды ма деген мәселелерге жауап іздеу зерттеудің мақсаты мен міндетін құрайды.

Description

Citation

Жолдасұлы Т. Атеизмнің Қазақстандағы киелі орындарға ықпалы: Қызылорда облысы мысалында (1960-1980 жж.)/Т. Жолдасұлы, К.Т. Бодеев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №4. 40-51 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By