Геноцидті халықаралық қылмыс ретінде жасаудың заманауи нысандары (1948 жылғы БҰҰ Конвенциясының қолданылуы тәжірибесін талдау мысалы негізінде)
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада 1998 жылғы БҰҰ арнайы Конвенциясы негізінде геноцидті адамзатқа қарсы бағытталған
қылмыс ретінде жасау нысандарының құқықтық талдауы ұсынылған. Ең алдымен БҰҰ қарамағында
қабылданған Конвенцияның нәтижесінде ғана «геноцид» ұғымының халықаралық-құқықтық
мәртебесінің бекітілгендігі және алғашқы рет оның төрт, нақты анықталған адами топтарды қорғау
мақсатында заңды мазмұны ашылғандығы ерекше атап өтілген. Қарастырылып отырған мәселенің
өзектілігін айқындау тұрғысында геноцидтің әртүрлі демографиялық топтарға қатысты кең таралған
зорлық оқиғаларына саяси және этикалық баға берілуінің өлшемі болып шектелмейтіндігі туралы
тағы да маңызды қорытынды жасалған. Авторлардың басты мақсаты БҰҰ әмбебаптық халықаралық
шартының нормаларын қолдану тәжірибесі контексінде доктриналық көзқарастар мен нақты
фактілердің көмегімен геноцид жасаудың заманауи мысалдарына зерттеу жүргізу болып табылады.
Сонымен қатар, геноцид тек жеке мемлекеттің немесе мемлекеттердің жеке тобының ғана емес,
сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың араласуына құқығы бар мәселе екендігіне назар аударылған.
Қорытындыда авторлар геноцидтің дәстүрлі актілерімен қатар, оның жаңа көріністеріне де қарсы
әрекет етудің құқықтық құралдарын, тәсілдерін және нысандарын күшейту қажеттігін атап өткен.
Әсіресе бұл процесті жүзеге асыру үрдісінде аталған соңғы олқылықтың орнын толтыру Конвенцияға
қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерінде ерекше ескерілуі қажеттілігі негізделеді.
Description
Citation
Аманжолов Ж.М. Геноцидті халықаралық қылмыс ретінде жасаудың заманауи нысандары (1948 жылғы БҰҰ Конвенциясының қолданылуы тәжірибесін талдау мысалы негізінде)/Ж.М. Аманжолов, А.К. Адибаева, А.Е. Рысалдиева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №1. 28-38 б.