2 типті қант диабеті бар науқастарда эндотелиальды дисфункциямен байланысты тамырлы асқынулар

Abstract

Мақалада қант диабеті және оның асқынуларына, эндотелальды дисфункцияның пайда болу механизміне және олардың өзара байланысына арналған 50-ден астам әдебиеттер талданды. 2 типті қант диабеті жүрек-қан тамырлар асқынуларының қаупін едәуір арттыратын созылмалы ауру болып табылады. Эндотелиальды дисфункция, диабеттік тамырлы асқынуларды диагностикалаудың ерте көрсеткіші ретінде қарастырылады. Қант диабеті кезіндегі ЭД-нің нақты патогенетикалық механизмдері әлі де түсініксіз болғанымен, бастапқы кезеңде олар азот оксидінің синтезін, митохондрияның тотығу фосфорлануынын және тағы да басқа үдерістерді іске қосатындығы белгілі болған. Басқа да әсер етуші негізгі факторларға диспледемия, тотығу стресі және қабыну жатады. Жұмыста гипергликемия, тотығу стресі, эндотелийдің өзгеруіндегі гликирленудің соңғы өнімдері туралы қазіргі заманғы әдеби деректер қарастырылды. Жеке бөлім тотығу стресіне және олардың қант диабетіндегі эндотелий дисфункциясының дамуындағы маңыздылығына арналған. Сонымен қатар, бұл шолуда эндотелий дисфункциясының пайда болуына қатысатын негізгі механизмдерге, оттегінің белсенді формаларының (ОБФ) көп мөлшерде өндірілуі, қабыну, сондай-ақ олардың жүрек-қан тамырлары қаупінің негізгі факторларымен өзара байланысына ерекше назар аударылған.

Description

Citation

Дүйсенбек А.А. 2 типті қант диабеті бар науқастарда эндотелиальды дисфункциямен байланысты тамырлы асқынулар/А.А. Дүйсенбек [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medecine. Geography Series. -2022. №3. 176-184 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By