Азаматтық құқықтың қазақ тіліндегі қайнар көздеріне түсінік беру мəселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақаланың мақсаты — азаматтық құқық саласындағы мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық
актілерді қабылдауда орын алып отырған кейбір келелі мəселелерді зерттеу. Қоғамдық қатынастарды
реттеуде қолданылатын құқықтық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыруда оларға тəн
отандық жəне халықаралық құқықты түсіну жəне талқылау тəжірибесін зерттеу арқылы қоғамға
тиімді құқықтық нормаларды қабылдау бойынша тарихи жəне заманауи мəселелер мақалада
зерделенген. Жалпы қайнаркөз түсінігін аша отырып, авторлар оның шығу тегі мен қалыптасу
ерекшеліктерін зерттеген. Құқықтық қайнар көздердің өзіндік мағыналары мен қалыптасу
ерекшеліктерін анықтаған. Сондай-ақ азаматтық құқықтық қайнар көздердің жекелеген түрлеріне
тоқтала отырып, азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуші қайнар көздердің ерекшеліктері
айқындалған. Мақаланы жазу барысында азаматтық айналымда қолданылатын құқықтық нормаларға
түсінік беру жағдайларына ерекше тоқталып, олардың мазмұнын зерттеген. Атап айтқанда, түсіндіру
тəсіліне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік жəне тарихи түсіндірулерге жеке тоқталып,
теориялық ережелерді талқылап, тарихи фактілерге мысал келтіре отырып талдау жүргізген.
Қорытындыда қазақстандық заңнамада нормативтік құқықтық актілердің мəтіндерін қазақ тіліне
аударумен байланысты мəселелер əлі де шешімін таппай отырғаны туралы атап көрсетілген.
Description
Citation
Ильясова Г.А. Азаматтық құқықтың қазақ тіліндегі қайнар көздеріне түсінік беру мəселелері/Г.А. Ильясова, Р.А. Тоқатов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Право.= Bulletin of the Karaganda university. LAW Series. -2020. №3. 50-58 б.