«Славян» жəне «Русь» терминдері жөнінде
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада «Славян» жəне «Русь» терминдерінің мағынасы жан-жақты қаралды. Славяндар мен орыстар бір халық емес, екеуі екі түрлі халық екендігі анықталды. Автор «Русьтің» (орыстың) гот (герман) тайпаларына жататынын жəне олардың, кеңес тарихшыларының басым көпшілігі айтатындай, Балтық жағалауындағы нормандар (варягтар) емес, Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы, 370 жылы ғұндардан жеңіліп, сол жерде қалып койған Германарих патшалығының қалдықтары — гот тайпалары деген жорамалды қостайтынын жазды. «Славянин» терминін көпшілік орыс-кеңес тарихшылары «слава», «славные дела» ұғымынан шығаратынын, сондай-ақ түркі тілдес хазарлардың, аварлардың, Еділ булгарларының жəне орыстардың (рустардың) славяндарды Византияға жəне Араб Халифатына құлдыққа сататынын, олардың «əскери олжа», «тірі тауар» ретінде кірістің қайнар бұлағы болғандықтан, кейбір ғалымдар «славян» терминін «слейв» (латынша) – «құл», «кіріптар» ұғымынан шығаратынын əңгіме етеді.
Description
Keywords
Citation
Қыздарбеков, Б. «Славян» жəне «Русь» терминдері жөнінде / Б.Қыздарбеков // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих.Философия сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История.Философия. – 2011. - № 2. – 11-17 б.