Болашақ заман келбеті: футурологиялық тұжырымдамаларға талдау
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақаладагы негізгі ой футурологиялық тужырымдардың күнделікті өміріміздің ажырамас бөлшегіне
айналганы сонша, қундылықтардың да өзгеруіне алып келетіндігіне орай тогысады. Адамзаттың даму
тарихында уақыт мәселесі мәдениеттің негізгі угымдарының бірі болып келеді. Философиялық тур-
гыдан уақытты түйсіну оны өткен, бүгінгі, келешек деп үшке бөлгізсе, тарихи тургыдан замандарга
бөлуді үйретті. Қазақ халқы өткен заманга өкпе жоқ десе, бүгінгі күнді болашақпен байланыстыра қа-
рауы дүниетанымдық ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Бүгінгі заманның мәдени-әлеуметтік қу-
былыстары болашақтагы жүзеге асатын үрдістердің багытын анықтайтыны белгілі. Мифологиялық
танымның қалдықтары әлі де адамзат санасында өмір сүріп келе жатқандықтан болар, болашаққа кейде
үреймен, кейде үмітпен қарау сияқты қарама-қарсы сезімдер жиі кездеседі. Футурологиялық бол-
жамдарга талдау жасау философияда иррационалды болып көрінгенімен, гылыми нақты жауаптарды
талап етеді. Себебі, күн өткен сайын гылым қарқынды дамып, түрлі катастрофалардың болу мүмкінді-
гі де жиілейді. Бүгінгі таңда футурологияның өзектілігі қазіргі заманның жаһандық сипаттагы сын-
дарлы кезеңімен байланысты. Футурология әлемдік бірлестіктердің даму болашагын болжауга багыт-
талган, философия, әлеуметтану, мәдениеттану және саясаттану тогысында қалыптасқан жас білім саласы.
Ол жиырмасыншы гасырдың екінші жартысында гылыми-техникалық жетістіктердің дамуы, со-
ган байланысты күрделі талдау мен гылыми басқаруды талап еткен, қогамдық дамудың көптеген мә-
селелері аясында қалыптасты. Адам үшін багалы оның гумыры. Мақалада болашақ заман жайлы ой
толгамдардың философиялық түрлі сауалдарга жауап ретінде қызмет атқара алатындыгын жеткізуге
тырысқан.
Description
Citation
Салыматова Н.Р. Болашақ заман келбеті: футурологиялық тұжырымдамаларға талдау/Н.Р. Салыматова, А.Б. Никамбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №1. 316-322 б.