Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы диспозитивтілік: қағида, əдіс жəне азаматтық құқық нормасын сипаттайтын санат ретінде
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы диспозитивтілік қағидасының
ерекшеліктері жəне құқық ғылымындағы алатын орны қарастырылды. Цивилисттер диспозитивтілік
қағидасын өздігімен талқылағанымен, бірақ оның нормативтіқ-құқықтық нақты түсінігі жоқ, тек
біздер бұл түсінікті азаматтық заңнаманың түрлі баптарының мағынасынан жиып алатынымызды
қорытындылай кеткеніміз жөн. Бұл, өз алдына, құқыққолдану субъектілерінің аталған қағиданы
түсіндіру қиындығына əкеліп соқтырады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы
диспозитивтілік қағидасын нақты жəне айқынды жазу қажет. Шынымен де, азаматтық заңнаманың
негізгі бастаулары мазмұнына, диспозитивтік қағидасының түсінікті мағынасына байланысты
көптеген азаматтық істердің шешімі табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы
нормаларды сипаттайтын əдіс, қағида жəне санат ретіндегі диспозитивтіліктің жалпы сипаттамасын –
өз бастамасы бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттерді иемдену мен жүзеге асыруда, азаматтық
құқықтық қатынас субъектілерінің іштей əзірленген, құштарлық бағытын айтамыз. Қорытынды
ретінде диспозитивтілік түсінігін қағида, əдіс жəне азаматтық құқық нормасын сипаттайтын санат
ретіндегі заңнамалық қырлары анықталды жəне оның азаматтық-құқықтық қатынас шеңберіндегі аса
маңыздылығы ашып көрсетеді. Яғни, диспозитивтілік азаматтық құқықтың қағидасы ретінде – оның
құрылымын ұйымдастырады, азаматтық-құқықтық реттеу əдісінің белгісі ретінде – оның əрекетін
қамтамасыз етеді, ал құқық нормасын сипаттайтын санат ретінде – азаматтық құқықтық қатынас
субъектілерінің қандайда бір əрекетін жүзеге асырудың баламасын жасайды.
Description
Citation
Сейтаева Ж.С. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы диспозитивтілік: қағида, əдіс жəне азаматтық құқық нормасын сипаттайтын санат ретінде/Ж.С. Сейтаева, Т.Ғ. Маханов//Қарағанды университетінің хабаршысы. ҚҰҚЫҚ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ПРАВО. = Bulletin of the Karaganda university. LAW Series. - 2018. №3. 126-131 б.