Отырар өркениетінің заттық жəне рухани мəдениеті
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада Ежелгі жəне Орта ғасырдағы Отырардың заттық жəне рухани мəдениеті туралы баяндалған. Оның ішінде бүкілəлемдік өркениетте өзіндік тарихи орны болған Отырар өркениетінің тағы бір негізі Отырардан шыққан Əбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан əл-Фараби мен оның ізбасарларының — энциклопедияшы-ғұламалардың, ақын-жыраулардың, сазгерлердің т.б. өнер иелерінің артында қалған мəңгі өшпес ілімі мен өнері зерттелді. Сондай-ақ Отырар оазисіндегі ортағасырлық қалалар мен бекініс-қамалдардың, су жүйелерінің қалдықтарын кешенді түрде зерттеп, олардың өмір сүре бастаған алғашқы жылдарынан бастап ХVІІІ ғасырға дейінгі заттық-тұрмыстық мəдениетінің ескерткіштері зерттелді. Олардың ғылымға «Отырар-Қаратау археологиялық мəдениет ескерткіштері» деген атпен енгізілгені көрсетілді.
Description
Citation
Жұмашова, А.А. Отырар өркениетінің заттық жəне рухани мəдениеті / А.А.Жұмашова // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих.Философия сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История.Философия. – 2010. - № 4. – 26-33 б.