Жазушы К. Тоқаев шығармаларындағы сөздік құрамның сипаты

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада детектив жанрындағы көркем шығармалардың лексикалық қабаты, сөздік құрамы зерттел- ген. Зерттеу нысанына қазақ әдебиетінде осы жанрда алғаш шығармалар жазған Кемел Тоқаевтың шығармашылығы, оның ішінде «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Түнде атылған оқ» туынды- лары алынған. Мақала мақсаты — қазақ детектив жанрындағы, соның ішінде К. Тоқаев шығармаларындағы сөздік құрамды сипаттау, лексикалық қабаттардың ерекшеліктерін анықтау. Осыған орай аталған шығармалардағы актив және пассив лексиканы, кірме сөздерді, көнерген сөздерді талдау міндеттері қойылды. К. Тоқаев шығармаларында әскери лексиканың кеңінен пайдала- нылатыны байқалды: олар әскери шен, лауазым, қару, нысан, киім, т.б. атаулары. Бұл сөздердің басым көпшілігін орыс тілінен енген сөздер құрайды. Олар өзгермеген дайын түрінде немесе қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық заңдылықтарына сай өзгертіліп алынған. Әскери лексиканың қолданысын детектив жанрының ерекшелігіне жатқызуға болады. Олар шығарманың актив лексика- сын құрайды. Бұдан бөлек шығарма тілінде діни лексика, мәдени лексика да едәуір көрініс табады. Шығармаларда кірме, жаңа сөздерге қарағанда көнерген сөздердің аз қолданылуы заңды, өйткені бұл туындыларда совет дәуіріндегі кезең, соғыс уақыты сипатталады. Ал бұл Ресей үкіметінің әр алуан әскери, әкімшілік, заң-тәртіп орындары, олардың бұйрық-жарлықтары, ереже-нұсқауларының басым бөлігі орыс тілінде болған уақыты.

Description

Citation

Ғабдрахман Т.С. Жазушы К. Тоқаев шығармаларындағы сөздік құрамның сипаты/Т.С. Ғабдрахман//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024. — Vol.29. №3(115). —99-106 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By