Ұлттық танымның ертегі дискурсындағы көрінісі (қазақ, орыс және араб материалдары негізінде)
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Дискурсология – қазақ тіл білімінде жаңа қалыптасқан ғылыми салалардың бірі. Қазақстандық
зерттеушілер қатары бүгінде дискрустың анықтамасы, дискурс пен мәтін арақатынасы, дискурстың
жанрлық түрлері туралы біраз зерттеулер жасады. Мақалада түрлі тілдердің ертегі дискурсындағы
ұлттық таным мәселесі және ондағы ұлттық таным көрінісін нақты мысалдар арқылы талдайды.
Авторлар ертегі дискурсындағы үштік мәселесін, яғни үш санына қатысты ұғымдарға мысалдар
келтірген. Дискурстың бірден-бір тілдік бірлігі болатын ұлттық тіл мәселесіне тоқталған. Ұлттық
тілдің әрбір этнос аясындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін орнататындығын, этикеттің қалыпты
моделін және толықтай сөйлеу мәнерін анықтайтындығын, әр халықтың өзіне тән мәдени коды жайлы
сөз болады. Дискурс айналымында ұлттық таным кілт сөздерге байланады деген тұжырым жасайды.
Сонымен қатар ертегі дискурсындағы эксплициттілік және имплициттілік мәселесі де қарастырылған.
Ертегілерді ұлттық-мәдени элемент ретінде ала отырып, әр халықтың өзіне ғана тән бейнелеу
образдарын мысалға келтірген. Олардың лингвомәдени және ұлттық танымдық сипатын анықтау
бүкіл ұлттық дүниетанымның ерекшеліктерін нақты танып-білуге септігін тигізеді, сондықтан да
ертегілерді танымдық тұрғыда зерттеу антропоөзектік парадигмада, тілді адаммен және оның
әлемімен тығыз байланыста талдауды басшылыққа алу қажет деген қорытындыға келеді.
Description
Citation
Култанбаева Н.К. Ұлттық танымның ертегі дискурсындағы көрінісі (қазақ, орыс және араб материалдары негізінде)/Н.К. Култанбаева, С.С. Исакова, Г.Р. Әлімбек//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №4. 91-97 б.