Қазақстан Республикасындағы экономиканың нақты секторы және ШОБ субъектілері үшін банктік несиелердің қолжетімділігін бағалау
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Зерттеудің мақсаты: Зерттеудің мақсаты Қазақстанның экономикалық субъектілері үшін несиелік ресурстардың қолжетімділігін талдау және банктік несиелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және несиелеу шарттарын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу. Әдісі: Зерттеуде ҚР екінші деңгейдегі банктерінің несиелік қызметі сипаттамаларының және экономиканы несиелеу көрсеткіштерінің өзгеруін көрсететін динамикалық қатарларға талдау жүргізілді. Коэффициенттік талдауды қолдану негізінде несиелеу процесінде банктер мен қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынас деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш есептелген. Қорытынды: Мақалада экономикалық субъектілер үшін несиелеуге қол жетімділікті шектейтін негізгі
кедергілер, соның ішінде несие берудің бағалық және бағалық емес шарттары, кәсіпорындардың борыштық жүктемесі және жоғары несиелік тәуекелдер анықталған. Несиелеу көлемін кеңейту және экономикалық субъектілер үшін несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық банктердің несиелік қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынылды. Тұжырымдама: Қарыз жүктемесінің көрсеткіштері мен несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің үлес
салмағы негізінде несиелеу процесінде банктер мен қарыз алушылардың өзара іс-қимылының кешенді көрсеткіші есептелді. Экономика субъектілерінің банктік несиелерге қолжетімділігін кеңейту экономикалық белсенділіктің дамуына оң әсер етеді және сайып келгенде, көптеген әлеуметтік-экономикалық процестерге оң
синергетикалық әсер етеді.
Description
Citation
Қазақстан Республикасындағы экономиканың нақты секторы және ШОБ субъектілері үшін банктік несиелердің қолжетімділігін бағалау/ ҚұрманалинаА.Қ. Вестник Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.— 2023. — № 4(112). — 175-184с.