Аударма философиясындағы лингво-семантикалық мәселелер
| dc.contributor.author | Искакова, З.С. | |
| dc.contributor.author | Айтбаева, А.Б. | |
| dc.contributor.author | Муминов, Н.А. | |
| dc.contributor.author | Рыскиева, А.Ә. | |
| dc.date.accessioned | 2025-10-30T10:43:36Z | |
| dc.date.available | 2025-10-30T10:43:36Z | |
| dc.date.issued | 2025 | |
| dc.description.abstract | Аударма философиясы әртүрлі тілдер арасындағы мағынаның берілуіне айланысты бірқатар лингвистикалық және семантикалық мәселелерге тап болады. Аударманың баламалылығын қамтамасыз ету, яғни басқа тілдің құралдарын пайдалану кезінде түпнұсқаның мағынасын сақтау басты міндеттердің бірі. Дегенмен сөздік, грамматикалық және мәдени мәнмәтіндердегі айырмашылықтарға байланысты ол әрқашан мүмкін бола бермейді. Зерттеу мақсаты — түрлі тілдер арасындағы мағынаны жеткізудегі негізгі қиындықтарды және эквиваленттілікпен аударылмаудың философиялық қырларын талдау. Көптеген зерттеушілер идиомаларды, метафораларды және мәдениетке тән терминдерді дәл аудару қиын екенін атап өтеді, өйткені олардың мағынасы бірегей мәдени мәнмәтінге негізделген. Аудармашы бастапқы мағынаның құрылымына еріксіз кедергі келтіре отырып, калька, бейімдеу және интерпретация арасында тепе-теңдік сақтауға мәжбүр. Мақалада тілдердің эквивалентсіздігінің философиялық мәселесі қозғалып, аударма түсіну, семантикалық тасымалдау және мәдени трансформация шекаралары көрінетін түсіндіру актісі ретінде қарастырылады. Орталық мәселе — әр тілдің дүниенің қайталанбас бейнесін құрауымен байланысты аударманың эквивалентсіздігі, бұл түпнұсқаның мағынасын дәл жеткізуді қиындатады. Мазмұнды жоғалтпай сақтау мүмкін бе деген мәселе философиялық пікірталас тақырыбы болып қала береді. Зерттеу аударманың дәлдігі мен эквиваленттілігінің шегін анықтайтын негізгі факторларды анықтады: мәдени мәнмәтін, тілдердің семантикалық құрылымы және олардың грамматикалық айырмашылықтары. Бұл параметрлер интерпретация кеңістігін қалыптастырады және тілдік әлемдер арасындағы семантикалық тасымалдау мүмкіндігіне әсер етеді. Алынған нәтижелерді аударманың теориялық зерттеулерінде, сонымен қатар философиялық және көркем мәтіндерді аудару тәжірибесінде қолдануға болады. Қорытындыда аудармада эквиваленттілік пен адекваттылыққа қол жеткізу үшін мәдени және семантикалық реңктерді ескеру қажеттігін көрсетеді. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Аударма философиясындағы лингво-семантикалық мәселелер./ З.С. Искакова [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 263-270 б. | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2518-7236 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/21030 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | «Тарих. Философия» сериясы;3(119) | |
| dc.subject | зерттеулер | ru_RU |
| dc.subject | мәдениет | ru_RU |
| dc.subject | сөздер | ru_RU |
| dc.subject | тіл | ru_RU |
| dc.subject | семантикалық | ru_RU |
| dc.subject | лингвистикалық | ru_RU |
| dc.subject | философия | ru_RU |
| dc.subject | аударма | ru_RU |
| dc.title | Аударма философиясындағы лингво-семантикалық мәселелер | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |