Білім беру жүйесінде аксиологиялық парадигманың ұлттық бірегейлік негізінде дамуы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада автор ХХІ ғасыр басындағы (2003 ж.) парадигмалық тұжырымның тарихи-логикалық жүйенің сақталуына жаңа дүниетаныммен қараудың мәнін айқындаған. Филогендік бағыттағы пәндерде жаңа пәлсапалық, парасаттылық ұстанымның нұсқалы құрылуының нәтижеге бағдарлануы жайлы ой-пікір — бүгінгі Қазақстан Республикасында рухани байлық саналады. Сонымен қатар мақалада студенттердің деңгейліктерін жеке мүмкіндікке бағдарлаудың маңызы айқындалған. Эксперимент жұмысын өткізу барысында «Білім алушылардың білім нысаналарына аксиологиялық дүниетанымын дамыту» моделін құру мақсаты іске асырылған. Модельдің жүзеге асырылуының өзі білімнің инновациялық технологияларын тиімді қолдану іскерлігімізге байланысты. Білім мазмұнынан рухани құндылықтарды саралау барысында проблемалық, модульдік, кәсіби-бағдарлық технологиялардың бірлігінде нәтижеге жетудің мүмкіндігі дәлелденген. Мәселені шешуде бағдарламалық технологияның қажеттігі байқалған. Аталып отырған технологияларда ақпараттық технологияның қолданылуының мәнділігі анықталған. Осының бәрін іске асыруда эмпирикалық, алгоритмдік, стохастикалық, парадигмалардың теориялық негізі тәжірибеден көрініс табу қажеттігі жан-жақты дәйектелген. Білім беруші мен білім алушының жалпы білім мазмұнындағы қажетті құндылықтарды тағылымдық деңгейде сұрыптау білім беретін нысаннан тексерілуі нәтижеге қол жеткізбек. Кез келген макроэлемент ішкі микроэлемент бөліктерінен құралады. Білім алушының әрбір жаңа сабақ барысында перцептивті қабылдауы білім берушіге белгісіз болып келуін ескеруді стохастикалық парадигмамен дәлелдеуге мүмкіндік туғызу қажеттігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу аксиологиялық парадигманы жүзеге асыруымыздың моделін құруымызға бірден-бір көмегін тигізер материал.

Description

Citation

Дауенов Е.Н. Білім беру жүйесінде аксиологиялық парадигманың ұлттық бірегейлік негізінде дамуы/Е.Н. Дауенов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2022. №3. 103-109 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By