Көркем шығармадағы Тəттімбет бейнесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақала Таласбек Əсемқұловтың «Тəттімбет сері» романы жəне Тəкен Əлімқұловтың «Сарыжайлау» əңгімесін негізге ала отырып жазылған. Ғылыми мақалада көркем шығармалардағы Тəттімбет бейнесі жайлы айтылады. Ең алдымен, Тəттімбет əлеуметтік əділетсіздік, қоғамдық текетірес, ұлы жұттың қазақ даласына келуі, адамдар арасындағы тартыс шындығын арқау етеді. Есесі кеткен ел, көпе-көрнеу қиянаттан қанаты қайырылған өнерпаз тағдырын күй сарыны, күй мақамы айна қатесіз
жеткізеді. Əлеуметтік əділетсіздік, қиянат жайлаған қоғамдық орта, заман қиындығы, барлығы күй астарында жатқандығы екі қаламгердің шығармаларында терең тебіреніспен суреттеледі. Тəттімбеттің келер ұрпаққа аманаттаған асыл, ардақты сəлеміндей сезілетін бір күйдің тарихы, оның туу тарихымен негізделеді. Тəттімбет романда тек күйші ғана емес, екі елді мəмілеге келістіруші ретінде де бейнеленеді. Əр ғасырда əртүрлі тағдыр кешіп, бірақ ұлтына өшпес, өлмес туындыларын қалдырған тарихи тұлғаларымыз жайлы ой толғайтын қаламгерлер, əсіресе өнерпаздарымыздың кесек тұлғасын көркем бейнелеуде үлкен табыстарға қолжеткізді. Т.Əсемқұлов пен Т.Əлімқұловтың Тəттімбеттей дəулеткер күйшінің тұтас тағдырын, өнерпаздық дарынын төгілтіп, тартымды жеткізген шығармалары қымбат дүние негізінде түйінделеді.
Description
Citation
Төлеубаева, К.А. Көркем шығармадағы Тəттімбет бейнесі / К.А. Төлеубаева, И.С. Насипов // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. – 2019. – № 1. – 42-49 б.