Инновациялық мектеп жағдайында ашық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың шетел тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Ғылымның маңызды бағыттарының бірі және қазіргі қоғам дамуының көрсеткіші ретінде белгілі
жаһандық ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тілдерді үйрену маңыздылығы бұрынғыдан
да арта түсті, ал бұл тілдерді оқуға мультимедиялық ортаны құру мен оны жетілдіру мүмкіндігін
жасайды. Осы орайда, мұғалімдер мен білім алушылардың сауаттылығын шетел тіліне үйрету мен
оны үйрену тиімділігі тұрғысынан қарастырып, ондағы жаңа технологияның рөлін айқындау бүгінгі
таңда ерекше маңызға ие. Мақалада қазіргі кезде әлем деңгейінде ақпараттандыру үрдісінің таралуына
байланысты пайда болған ашық білім беру ресурстары (АББР) арқылы оқушылардың ағылшын
тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың жолдары сараланды. Ондағы негізгі мақсат әрбір көрсетілген
АББР аясындағы оқу құралдарының ағылшын тілінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға
қаншалықты әсер ететінін бірқатар анықталған ерекшеліктерге, сонымен қатар көптеген
зерттеушілердің сол құралдарға қатысты нақты тұжырымдамаларына сәйкес зерделеу болмақ.
Авторлар мақала шеңберінде ашық білім беру ресурстарының бірқатар анықтамаларын, қазіргі
қоғамдағы алатын орны мен маңыздылығын талқылаған. Қарастырылған АББР арқылы оқушылардың
ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың жолдары жекелей оқуда, сондай-ақ мұғалімдерге
сабақ үдерісінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға байланысты туындаған мәселелерін
шешуге көмекші құрал болмақ.
Description
Citation
Саржанова Ғ.Б. Инновациялық мектеп жағдайында ашық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың шетел тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың/Ғ.Б. Саржанова, А.Т. Төлеужан, Т.М. Алмас//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series -2021. №4. 127-136 б.