Сүйелді қайың (Betula Pendula) ағашын зақымдайтын фитопатогенді бактерияларды молекулалық идентификация тəсілі арқылы анықтап оның филогенетикалық шежіресін құру

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Нұр-Сұлтан қаласын қоршай отырғызылған жасанды «жасыл белдеу» орман шаруашылықтарында өсетін сүйелді қайың ағаштарының (Betula рendula Roth.) бактериялық обырмен зақымдалуына байланысты морфологиялық өзгерістері қарастырылып, ауру ағаш діңдерінен керн үлгілері алынып, бөлініп алынған бактерия культуралары қоректік орталарда өсіріліп, оларға культуралық-морфологиялық сипаттамалар берілді. Ауруға шалдыққан сүйелді қайың ағашы діңінен керндер алу, олардан ауру қоздырғыштың таза штамдарын бөліп алу, рибосомдық РНҚ 16S нуклеотидтік тізбегінің молекулалық идентификациясы жəне осы нəтижелерді халықаралық Gene Bank базасындағы тиісті мəліметтермен салыстыра зерделеу жұмыстары бактериология жəне ботаника салаларында қолданыстағы заманауи тəсілдер арқылы жүргізілді. Бөлініп алынған бактерия штамдарының молекулалық сипаттамалары халықаралық Gene Bank базасындағы типтік Dickeya dadantii штамына 96,72 %-ға сəйкес келді.

Description

Citation

Абиев С.А. Сүйелді қайың (Betula Pendula) ағашын зақымдайтын фитопатогенді бактерияларды молекулалық идентификация тəсілі арқылы анықтап оның филогенетикалық шежіресін құру/С.А. Абиев, А.К. Баубекова, Р.З. Асилханова//Қарағанды университетінің хабаршысы.Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География.= Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography series. -2020. №4. Р.8-15.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By