Жұртшылық шаруашылығының ұжымдық кəсіпорындармен өзара қарым-қатынастарын дамытудың жолдары

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы жұртшылық шаруашылығының əрекет етуін жəне оның бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылық өнімдерді өндірудегі үлес салмағы қарастырылған. Мақалада кооператив ауыл шаруашылық қызметтің адами жəне материалдық факторлардың біріктірілетін жəне кооперацияланатын ерекше экономикалық бірлігі ретінде сипатталған. Шетелдердегі кооперативтердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері көрсетілген. Сондай- ақ, жұртшылық шаруашылықтарының қарқынды дамуы үшін шаруашылық жүргізуші басқа ірі шаруашылықтармен өзара біріге отырып, əрекет ететін ынтымақтастығы ретінде кеңінен қарастырылған. Қазіргі кездегі жұртшылық шаруашылығы ауыл шаруашылық өндірісінің тең құқылы нысаны ретінде дамуына, оның дербес шаруа қожалығына трансформациялануына құқықтық жəне экономикалық алғышарттардың орнағандығы жайлы айта отырып, жеке-жеке тоқталған. Жұртшылық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық кəсіпорындар арасындағы кооперацияның екіжақты пайдалы іс-əрекетінің маңыздылығы мен қажеттігін негіздеген. Жұртшылық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық кəсіпорындардың өзара қызығушылықтарын көрнекі түрде сызбанұсқа ретінде көрсеткен. Бірқатар мəселелер қарастырылған: жұртшылық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық кəсіпорындар арасында интеграциялық байланыстардың орнықпауы; жұртшылық шаруашылықтарының құқықтық жəне əлеуметтік мəртебесінің төмен деңгейі; материалдық- техникалық жабдықтардың, тыңайтқыштардың, мол өнімді мал мен ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарының болмауы; мал санын көбейту жəне ет өнеркəсібіне арналған соғымдарды арттыруға байланысты жем-шөптің жетіспеушілігі.

Description

Citation

Шінет Г.Ғ. Жұртшылық шаруашылығының ұжымдық кəсіпорындармен өзара қарым-қатынастарын дамытудың жолдары/Г.Ғ. Шінет [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №4. 247-257 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By