Қазығұрт ауданы жер-су атауларының ономастикасы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл ғылыми мақалада Оңтүстік Қазақстанның сакральды аймақтарының бірі болып саналатын
Қазығұрт өңірінің топонимиялық жүйесі тарихи, лингвистикалық және этнографиялық тұрғыдан
кешенді түрде зерттеледі. Зерттеудің өзектілігі аймақтағы жер-су атауларының құрамында ежелгі
түркілік, мифологиялық және тарихи семантикалық қабаттардың сақталуы және олардың қазіргі
ұлттық кеңістіктегі рухани-мәдени маңызының жоғары болуы. Зерттеудегі мақсат: Қазығұрт өңіріндегі
оронимдер, гидронимдер, ойконимдер мен микротопонимдердің қалыптасуына әсер еткен табиғи-
географиялық, тарихи және этномәдени факторларды анықтау, олардың этимологиялық негізін ашу
және топонимдік жүйенің ішкі құрылымын талдау. Зерттеу барысында Б.Т. Тасполатовтың «Қазығұрт
топонимдері», А.Е. Аяпбекова мен Н.У. Абишовтың еңбектері, Т. Жанұзақтың тарихи-топонимиялық
зерттеулері және өңірге қатысты этнографиялық деректер негізгі ақпараттық база ретінде
пайдаланылды. Әдіснамалық негіз ретінде тарихи және салыстырмалы, сипаттамалық және
этнолингвистикалық талдау тәсілдері қолданылды. Талдау нәтижелері Қазығұрт өңіріндегі
топонимдердің көпқабатты құрылымға ие екенін, олардың кейбірінің Нұх пайғамбар туралы
мифтермен, ал енді бір бөлігінің табиғи ландшафт ерекшеліктерімен және тарихи оқиғалармен тығыз
байланысты екенін көрсетті. Мақала Қазығұрт топонимдерінің аймақтың тарихи жадын, этномәдени
дүниетанымын және сакральді кеңістігін сақтаудағы рөлін ғылыми тұрғыдан негіздейді.
Description
Citation
Эрмаханова A.A. Қазығұрт ауданы жер-су атауларының ономастикасы/А.А. Эрмаханова//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 270-274 б.