Aвстриядағы тіл мен мазмұнды кіріктіріп оқыту (CLIL) тəсілін қолдану тəжірибесі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада заманауи дəуірдің талаптары мен сұранысын қанағаттандыратын инновациялық форма ретінде пайда болған CLIL технологиясының австриялық тəжірибесіне сараптама жасалып, баяндалған. Авторлар өз ғылыми-педагогикалық тəжірибелеріне, австриялық ғалымдармен, эксперттер мен практиктермен болған тəжірибе алмасуларға сүйеніп, Австриядағы мазмұн мен тілді кіріктіріп оқыту тəжірибесіне тілдік тарихқа шолу жасай отырып, орта білім беру жүйесінде ұсынылып отырған бұл технологияның білім беру беру жүйесіне енгізілуінің алғышарттарына, мақсаты мен құрылымына сараптама жасайды. Билингвалды мектептер мен билингвалды сабақтар жекелеген мектептердің инициативасымен жүзеге асырылуы жəне оның басты алғы шарты CLIL- мұғалімнің пəндік жəне тілдік құзыреттілігі мен шетел тілінде оқу материалдарының болуына байланысты екені, мектепте қолданылатын пəн мен тіл комбинациясының алуан түрлі болу себептерінің алғышарттары сарапталып, CLIL модельдерінің мектеп типтеріне, пəн мен тілді кіріктіріп оқыту бағдарламасына, мұғалімдер мен оқу материалдарына, оқу тобы мен мектептің жағдайына қарай бейімделуі зерделенді. Кросс-куррикулум тəсілімен оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге педагогикалық ЖОО CLIL бойынша үздіксіз білім беру концепциясы ұсынылатындығы баяндалды. Мини-сабақтан бастап тұтас бір оқу жылына созылатын оқу курстарына дейінгі алуан түрлі шетел тілін классикалық оқыту мен шетел тілін оқыту тілі ретінде үйрету формаларын мектептегі тілдік даярлықта дұрыс қолдану арқылы лингвистикалық диверсификация қамтамасыз етілетіні артықшылық ретінде бағаланады.

Description

Citation

Исабекова Г.Б. Aвстриядағы тіл мен мазмұнды кіріктіріп оқыту (CLIL) тəсілін қолдану тəжірибесі/Г.Б. Исабекова, Н.Т. Дүйсенова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2020. №4. 189-197 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By