XX ғ. 20-шы жылдарында Кеңес мемлекетіндегі «Жаңа экономикалық саясаттың» тарихы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті

Abstract

Мақалада әртүрлі тарихи деректердің негізінде Кеңес мемлекетінің XX ғ. 20-шы жылдары жүргізген «Жаңа экономикалық саясаттың» (ЖЭС) тарихына талдау жасалған. Автор Азамат соғысынан кейін Кеңестік Ресейде саяси дағдарыс басталып, большевиктерді «әскери коммунизм» жағдайынан Жаңа экономикалық саясатқа көшуге мәжбүр болғанын тарихи құжаттар және әртүрлі ресми шешімдер арқылы дәлелдеген. Осыған байланысты, жаңа экономикалық саясат бойынша бұрынғы азық-түлік салымының орнына шаруаларға азық-түлік салығы енгізіліп, шаруалар артық өнімдерін базарда сатуға, жерді жалға алуға және жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілгені туралы мақалада нақты көрсетіледі. Сонымен қатар ЖЭС негізінде мемлекет бүкіл ірі өнеркәсіпті өзіне бағындырып, ұсақ кәсіпорындарды жалға бергенін, шетелдік концессияға рұқсат бергенін, ал мекемелер өзін-өзі қаржыландыру принципіне көшкенін, жалақы квалификацияға байланысты болғаны және осы мәселелерді шешуге қаржы реформасы жүргізілгені жан-жақты баяндалады. Мақалада ЖЭС-тың өтпелі кезеңде жүргізілген ұтымды саясат болғанын, сол арқылы большевиктердің билікті сақтап қалғаны нақты дәлелденген.

Description

Citation

Адамбек Б.К. XX ғ. 20-шы жылдарында Кеңес мемлекетіндегі «Жаңа экономикалық саясаттың» тарихы./Б.К. Адамбек // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 4(120)-шығ. — 7-15 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By