«Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәні және олардың зерттелу жайы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Интеллект мәселесі қанша ғасырлар бойы зерттеліп келе жатса да, оның табиғаты толық танылды деп
айту қиын. Өйткені адамзат қоғамының дамуы алға қарай жүрген сайын, адамның барлық саладағы
қызметі, іс-әрекеті дами бермекші. Ал уақыттың әрбір сәті жаңа интеллектуалдық әрекетті қажет етеді.
Осыған орай бұл мақалада өмірдің барлық саласындағы интеллекті және интеллектуалдандыру мәселе-
сін зерттеу қажеттігі дәлелденген. «Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәніне талдау
жасалып, интеллект түрлері сипатталған. Әл-Кинди, Әбу Насыр әл-Фараби және басқа ғалымдардың
интеллект туралы жіктемелері келтіріліп, әрқайсысының мазмұнына түсінік берілген. Адамның интел-
лектуалдық әрекеті дамыған сайын оның мінез-құлықтарындағы вариативтілік, икемделгіш мінез-
құлық та зорайып, жаңа өлшемдерге ене бастайтыны көрсетілген. Демек, интеллект тұтас тұлғаның да-
муының кіндік қазығы болып табылады. Өйткені адамның өзін қоршаған адамдармен, ортамен қарым-
қатынасының дұрыс болуы, ең алдымен, оның интеллектісіне байланысты. Сонымен қатар мақалада
әлеуметтік интеллект адамның басқа адамдармен үйлесіп, тіл табысуынан және әлеуметтік мәселелерді
жақсы білетіндігінен, топтағы басқа адамдардың пікірін қабылдай алатынынан танылатыны жөнінде
айтылған. Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адамның сипаттары қарастырылған. Әлеуметтік интеллект
адамның белгілі бір топқа, әлеумет ортасына, тұтас қоғамға өзінің адамындай еніп кете алуы үшін,
тұлғааралық, кәсіби қарым-қатынастарды талапқа сай құра алуы және соны ұстана білуі үшін қажетті
қабілеттер жиыны екені анықталған.
Description
Citation
Арынова Г.Ғ. «Интеллект», «әлеуметтік интеллект» ұғымдарының мәні және олардың зерттелу жайы/Г.Ғ. Арынова, А. Урал//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2023. №1. 72-84 б.