Көрнекті ғалым М.С. Мұқанов керей тайпасының этникалық тарихын жəне шежіресін ғылыми негіздеуші

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада отандық тарих жəне этнологияға елеулі үлес қосқан, қазақ халқының этникалық тарихын, соның ішінде Орта жүздің ру-тайпалық құрылымының тарихы, таңбасы, қоныстануы, этимологиясы мен таралу тарихына қатысты ел арасынан жинаған далалық этнографиялық материалдар негізінде, отандық жəне шетелдік ғылыми деректерге сүйене отырып толық мағлұматқа жан-жақты талдау жасап, өзіндік ғылыми түйінін жасаған көрнекті ғалым М.С. Мұқановтың керей тайпасына қатысты еңбектері зерделенген. М.С. Мұқанов қазақ халқының этникалық тарихы, қазақ жүздері мен тайпаларының құрамы, шежіресіне байланысты сан алуан мəселелерге терең қызығушылық танытқан. Тоталитарлық жүйе кезінде аталмыш тақырыптар мəселелерін зерттеуге мүлдем тыйым салынған болатын. Кеңес қоғамы көшпелілердің өзіндік биік мəдениеті мен қайталанбас салт-дəстүр ерекшеліктерін қасақана мойындамады. Оның астарында империялық мүдде мен саясат жатқан болатын. Алайда, оларға өзінің əріптестері мен көшпелілер өркениетінің ру-тайпаларының құрылымымен таныс С.П. Толстов, Т.А. Жданко жəне т.б. ғалымдар қолдау көрсетіп, өздерінің еңбектерінде М.С. Мұқановтың дұрыс идея ұсынғанын мойындап қана қоймай, сонымен қатар көптеген конференциялар мен сессияларда ғылыми тұрғыдан дұрыстығын бүкіл ғылыми жұртшылықты мойындата білді.

Description

Citation

Калыш А.Б. Көрнекті ғалым М.С. Мұқанов керей тайпасының этникалық тарихын жəне шежіресін ғылыми негіздеуші/А.Б. Калыш, А.И. Исаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy series. -2020. №4. 91-98 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By