Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі заң техникасы ережелерінің сақталуы туралы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Зерттеу мақсаты — азаматтық заңнама ережелерін қалыптастыру мен əрекет етуінде заң техникасы ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, шешу жолдарын ұсыну болып табылады. Зерттеу əдістері ретінде ғылыми-теориялық, нормативтік-құқықтық актілердегі, мемлекеттік бағдарламадағы құқықтық актілерді ресімдеу тəсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығына қатысты талдау, топтау, жалпылау, жүйелеу, салыстыру, индукция жəне дедукция қолданылды. Қол жеткізген нəтиже негізінде қазақ тілінің беделін көтеру мақсатында мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында заң қабылдау тəжірибесінде орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген ережені алып тастау керек деген ұсыныс жасалған. Сонымен қатар біріздендірілген заңдық терминологиялық сөздік енгізу ұсынылды. Сөздік арқылы заң саласындағы арнаулы анықтамалардың, ережелердің мағынасын, аудармасының түп нұсқасындағы мазмұнын көреміз. Терминологиялық сөздікте біздің заңдық актілерде көрсетілген негізгі терминдер қазақша нұсқада жазылуы керек. Орыс жəне қазақ тілінде жазылған құқықтық нормаларды салыстырмалы əдісте бақылау арқылы қателер мен қақтығыстарды анықтау жұмысы жүргізілді. Жұмысты зерттеу барысында авторлар азаматтық заңнама саласындағы нақты олқылықтар мен қайшылықтарды анықтаған, нормаларды қалыптастыруда заң техникасының ережелерін дұрыс қолданбау жағдайларын сипаттаған.

Description

Citation

Токатов Р.А. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі заң техникасы ережелерінің сақталуы туралы/Р.А. Токатов, Н.К. Оралбаев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. LAW Series. -2021. №2. 109-117 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By