Үшөлшемді модельдеу технологиясы негізінде оқушыларда кеңістік түсінігін қалыптастыру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада көтеріліп отырған зерттеу тақырыбы, яғни оқу үрдісінде информатиканы оқытуда 3D-
модельдеуді қолдану өзекті және көп қырлы мәселе. Себебі, 3D-модельдеуді қолданудың теориялық
аспектілері, информатика пәнінің оқу үдерісіне, сонымен қатар жалпы оқушылардың дамуына оң әсер
етеді деп есептелінуде. Авторлар 3D-модельдеу оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілеттерін
дамытуға және оқу материалын визуализациялауға ықпал ететін қуатты да күрделі құрал деп санайды.
Бұл білім беру үдерісіндегі күрделі ұғымдарды түсінуді және меңгеруді жақсартып қана қоймайды,
сонымен қатар пәнді оқуға деген қызығушылықты да арттырады. Қазіргі қолданыста жүрген
бағдарламаланған оқыту әдістері шығармашылық тұрғыда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға
толық ықпал етпейді, себебі бұл әдістерде ешқандай сезімдер, болжамдарға жол берілмейді және
мәселені шешудің стандартты емес тәсілдері қабылданбайды. Сол себепті де, білім алушылардың
«кеңістік» туралы түсініктерін қалыптастыру үшін 3D-модельдеу құралдарын қолдануды ұсынамыз.
Осы мақалада кеңістік ұғымын қалыптастыру құралдары қарастырылған және оқу үдерісінде 3D-
модельдеу технологияларын қолданудың ерекшеліктері сипатталған. Осыған қоса, оқушылардың
кеңістіктік түсініктерін практикалық түрде дамыту үшін 3D-Max бағдарламасын пайдаланудың
артықшылықтары баяндалып, осы саладағы қиындықтар мен даму тенденциялары талқыланған. Со-
нымен қатар, STEM-тәсілдерін енгізу бастамаларының болуына қарамастан туындап отырған
қиындықтар мен мәселелеріне тоқталып, 3D-модельдеудің «кеңістік» ұғымын қалыптастыру құралы
ретінде қалай қолдануға болатындығы жайлы айтылады.
Description
Citation
Оразбаева А.А. Үшөлшемді модельдеу технологиясы негізінде оқушыларда кеңістік түсінігін қалыптастыру/А.А. Оразбаева, С.К. Калдыбаев, Л.А. Смагулова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №4. 82-94 б.