Смарт келісім-шартты құқықтық реттеу тұжырымдамаларын талдау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Зерттеудің мақсаты инновациялық технология — блокчейн технологиясын қолдану арқылы оның негізгі бір құрамдас бөлшегі болып табылатын, қоғамдық қатынастарды қалыптастырушы тараптар арасындағы басты байланысты негіздейтін смарт келісім-шарттарды зерделеу. Смарт келісім- шарттарын қалыптастыру мен отандық және халықаралық қатынастардағы құқықтық реттелу ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Смарт келісім-шарттарын қалыптастыру мақсатында оның жалпы түсінігі мен өзіндік ерекшеліктері, смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда блокчейн технологиясының әлеуеті зерттелген. Смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда технологиялық жүйенің басымдықтары мен осал тұстары ашылған. Шетелдік тәжірибелер зерттеліп, смарт келісім- шарттарын қалыптастыру технологиясы тетіктерін қолданысқа енгізу үшін Қазақстанның заңмасындағы, оның ішінде азаматтық құқық саласы заңнамасы негіздері зерттелген. Блокчейн технологиясын жүзеге асыруда маңызды орын алатын смарт келісім-шарттардың оңтайлы жақтары мен өзіндік кемшіліктері талқыланып, олардың алдын алуға мүмкіндік беретін жағдаяттар түсіндіріледі. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандық заңнамаға бұл ақпараттық-коммуникалық технологияны енгізуге құқықтық негіздер анықталған. Блокчейн технологиясын қарқынды дамытатын смарт келісім-шарттар туралы тұжырымдар қоғамдық қатынастардағы шарттық қатынастарды жетік шыңдайтын құрал ретінде қарастырып, осы бағыттағы құқықтық зерттеулерге жол ашатын ғылыми зерттеу ретінде маңызды. Смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттырып, қоғамдық қатынастарды сапалы жоғары заңды деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік беретін электрондық шарттық қатынастардың дамуына септігін тигізіп, нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық дамуға негіздер жасалуы зерттеудің тәжірибелік маңызы болмақ. Зерттеу нәтижелері смарт келісім-шарттарын қалыптастыруда, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік қызметтер көрсету, сонымен өзге де көптеген салаларда қолданылуы мүмкін.

Description

Citation

Базаров М.М. Смарт келісім-шартты құқықтық реттеу тұжырымдамаларын талдау/М.М. Базаров, Р.А. Токатов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2024. №1. 114-127 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By