«Зубдат әл-фикрада» еңбегіндегі Бағдаттың алынуы мен Хулагу Елханның саяси рөлі туралы мәліметтер
| dc.contributor.author | Тулеубаева, С.А. | |
| dc.contributor.author | Сабитов, Ж.М. | |
| dc.contributor.author | Ташкараева, А.М. | |
| dc.date.accessioned | 2026-02-26T10:15:54Z | |
| dc.date.available | 2026-02-26T10:15:54Z | |
| dc.date.issued | 2025 | |
| dc.description.abstract | «Зубдат әл-фикра» еңбегі — XIII ғасырдың екінші жартысындағы Елхан мемлекеті, Мысыр мәмлүк сұлтандығы, Рум селжұқтары және Жошы ұлысы арасындағы саяси, әскери әрі мәдени өзара байланыстарды зерделеуде айрықша маңызға ие деректік мұра. Зерттеудің басты мақсаты — аталған еңбекте қамтылған Хулагу Елханның өмірі мен 1250–1260 жылдардағы саяси қызметіне қатысты мәліметтерді кешенді талдау арқылы олардың тарихи және деректанулық құндылығын айқындау. Мақалада Бағдаттың алынуы, Елхан билігінің орнығуы, Аббас халифатының құлауы және кейінгі қайта қалпына келтірілуі, әл-Хаким би-Амриллаһтың халифа тағына көтерілуі сияқты маңызды оқиғалар қарастырылады. Араб тіліндегі дереккөздерді салыстырмалы талдау нәтижесінде алғаш рет аударылған әрі ғылыми айналымға бұрын енгізілмеген «Зубдат әл-фикра» үзінділері анықталып, зерттеу нысанына айналды. Зерттеу нәтижелері Хулагу дәуірінің оқиғаларын нақты хронологиялық жүйеде зерделеуге, оның Мысыр мәмлүк сұлтандығымен, Жошы ұлысымен және жалпы ислам әлемімен қалыптастырған саяси әрі идеологиялық қатынастарын жаңа қырынан пайымдауға мүмкіндік береді. Зерттеудің әдістемелік негізін деректерге сыртқы және ішкі сын тұрғысынан талдау, мәтіндік салыстыру және тарихи реконструкция әдістері құрайды. Алынған нәтижелер XIII ғасырдағы Елхан мемлекетінің саяси тарихын терең түсінуге, сондай-ақ Хулагу Елханның ислам өркениеті контексіндегі тарихи рөлін ғылыми тұрғыда қайта бағалауға мүмкіндік береді. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Тулеубаева С.А., Сабитов Ж.М., Ташкараева А.М. «Зубдат әл-фикрада» еңбегіндегі Бағдаттың алынуы мен Хулагу Елханның саяси рөлі туралы мәліметтер./ С.А. Тулеубаева , Ж.М. Сабитов , А.М. Ташкараева// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 4(120)-шығ. — 159-172 б. | ru_RU |
| dc.identifier.issn | 2518-7236 | |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22014 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | «Тарих. Философия» сериясы;4(120) | |
| dc.subject | Зубдат аль-Фикра | ru_RU |
| dc.subject | Хулагу Елхан | ru_RU |
| dc.subject | Берке-хан | ru_RU |
| dc.subject | Бейбарс ад-Давадар | ru_RU |
| dc.subject | аль-Хаким би-Амр Аллах | ru_RU |
| dc.subject | мәмлүктік Египет | ru_RU |
| dc.subject | елхандық | ru_RU |
| dc.subject | Жошы ұлысы | ru_RU |
| dc.subject | XIII ғасыр | ru_RU |
| dc.subject | тарихтану | ru_RU |
| dc.title | «Зубдат әл-фикрада» еңбегіндегі Бағдаттың алынуы мен Хулагу Елханның саяси рөлі туралы мәліметтер | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |