Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық өзгерістерінің тарихы (1932–2022 жж.)

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасында аумағының көлемі бойынша екінші саналатын Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық өзгерістері зерделенген. Архив материалдары мен мемлекеттік маңызы бар заңды құжаттар негізінде, алғаш Қарағанды облысы құрылған кезеңнен бастап, облыс аумағында болған соңғы ең ірі аумақтық өзгеріс, Ұлытау облысы бөлініп шыққанға дейінгі аралық зерттеледі. Зерттеудің маңызы, кеңес дәуіріндегі Қарағанды облысының алғаш құрылған кезеңінен бастап, тәуелсіздік алған кезеңде жүзеге асқан аумақтық өзгерістердің жүйелі түрде қарастырылуында. Авторлар Қарағанды облысының қазіргі аумағының қалыптасуындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістердің кезеңдері мен себеп салдарларының кеңестік аумақтық межелеу негізінде орындалғаны, жергілікті ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық, экономикалық мүмкіндіктері мен рулық-тайпалық көші-қон бағыттарының ерекшеліктерін ескермей жүргізген, Қазақстан тәуелсіздік алған тұста да бұл процесс жалғасын тауып, кеңестік кезеңде қалыптасқан аумақтық межелеу негізінде жалғасты деген қорытындылар жасайды. Қарағанды облысының аумағындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістердің республика көлемінде жүргізілген іс-шаралар шеңберінде жүргізілген. Аумақты межелеу шараларының көбіне орталықта шешіліп отырғандығы дәлелденді.

Description

Citation

Бодеев К.Т., Амантаева Н.А. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық өзгерістерінің тарихы (1932–2022 жж.)./ К.Т. Бодеев , Н.А. Амантаева.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 70-81 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By